ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында сталиндік зобалаң қазақтың сандаған боздақтарының өмірін солдырып, қуғын-сүргінге ұшыратып, халқына қалтқысыз адал қызмет етіп жүрген талайлардың өмірін жалмағаны тарихтан белгілі. Жазықсыз жапа шегіп, қуғын-сүргінге ұшыраған елдің біртуар азаматтары Аягөз ауданында да аз емес. Солардың бірі Аягөз ауданының тумасы Оразхан Құлсейітов еді.
Ол 1906 жылы Мамырсу ауылында дүниеге келген. Жастайынан қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан Оразхан комсомол, партия қатарына мүшелікке өтіп, жастарды жақсы істерге тәрбиеледі. 1927 жылы партияның жолдамасымен Аягөз өңіріне қызметке келген. 1931 жылы ұжымшарға басшылық жасады. Ол жаны жайсаң, тура жолдан таймайтын азамат еді. Сол турашылдығы кейде өзіне кесірін тигізіп жататын. Көз алдында аштан қырылып жатқан халықты көргенде жаны шырқырап, шолақ белсенділерге «бірер уыс бидайды берсеңдер, нелерің кетеді, елді қырамысыңдар» деп ашық айтатын. Сол шыншылдығы үшін ұлтшыл, мемлекет байлығын талан-таражға ұшыраттың деген жаламен ату жазасына кесіледі. Алайда, заңды білетін сауатты ағамыз өзін қорғай алды. Сонда да он жылға сотталып кете барды.
Аягөз ауданында жазықсыз жапа шеккендер жүздеп саналады. Ерлердің есімі мәңгі ұмытылмақ емес. Мұның алдында да Аягөз ауданының бірнеше азаматтарына құрмет көрсетілген. Аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Шалқар Құнанбай, АІІ басқармасы бастығының орынбасары Мұқтар Жақыптың ұйтқы болуымен Оразхан Құлсейітовтің ұзақ жылғы еңбегі ескеріліп, көше атауы берілген болатын. Жақында аудан жұртшылығы Оразхан Құлсейітовтің ескерткіш мүсінінің және көшенің ашылуына орай мектеп оқушылары, қала тұрғындарының қатысуымен есте қаларлықтай әдемі кешті өткізді.
Көшенің және ескерткіш мүсінінің ашылуында аудан әкімі Ә. Мұхтарханов сөз алып жиналғандарды ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады. «Жиырма жылдыққа – жиырма жарқын іс» акциясы аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Оразхан ағаның еткен жолдарының кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатынын айтты. Аягөз қаласы құлпырып келеді. О. Құлсейітов көшесіне бюджеттен бір тиын да қаржы кеткен жоқ, ол кісінің ұлы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Құлсейітовтің достары мен туыстары көшені жөндеді, ағаш отырғызды.
Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Әлібек Сәрсембай, еңбек ардагері Қайыртай Қажығұлов, облыстық ішкі істер департаменті кадрлар басқармасының бастығы, полковник Қалымбек Құмарғажин, қарияның ұлы Жеңіс Оразханұлы, тағы басқалар репрессия құрбандарына деген құрмет ертеңгі болашақтың кепілі екеніне тоқталды. О.Құлсейітов туралы көп деректерді жинап, көмегін тигізген «Мөлдір сана» газетінің редакторы Б. Шалғымбайдың «Құрыштан құйылған құдірет» атты деректі хикаяты негізінде қаладағы №6 мектептің шәкірттері өлеңнен деректерді тізбелеп шықты. Мұның алдында да ішкі істер бөлімінде қызмет еткен азаматтарға көше аты беріліпті. Жиналғандар ескерткішті ашқан соң, Оразхан Құлсейітовтің рухына бағышталып ас берілді.
Түстен кейін «Қозы көрпеш Баян сұлу» мәдениет үйінде «ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы жеке басқа табыну, оның зардаптары, қазіргі күнгі баға» деген тақырыпта ғылыми конференция өтті. Онда ғылым докторлары Ғ.Қарасаев пен Е. Григорьев танымдық баяндама жасап, Шығыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының қалай ақталғандары жайлы кеңінен әңгімеледі. Ал №6 мектептің ұстазы Жанар Алпысбаева О. Құлсейітовтің өмірі туралы тереңнен толғады. Оның соңы жыр мүшәйрасына ұласып, ән мен күйге кезек берілді.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.

Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03
Қазақстанда қылмыс деңгейі 9 пайызға төмендеген
Президент • Бүгін, 13:50
115 мың студент жатақханаға мұқтаж: мәселе қалай шешілмек?
Парламент • Бүгін, 13:37
Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды
Әдебиет • Бүгін, 13:18
Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45