15 Қазан, 2011

Құқықтық деректер ашық болуы тиіс

333 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ПАРЛАМЕНТ "Егемен Қазақстанның" арнаулы беті Менің бүгінгі айтайын дегенім құқықтық статистикалық ақ­параттың жариялылығын қам­та­масыз ету және құқықтық статистика органдарының қызметін жетілдіру мәселелеріне қатысты болып отыр. Бүгінгі таңда ақпарат қол­же­тім­ділігіне конституциялық құ­қық Бас прокуратураның Құқық­тық статистика және арнайы есеп­ке алу комитетінің қыз­метін­де толыққанды іске асырылмай келеді. Мәселен, комитет сайты­ның «Талдау мәліметтері» (ағым­да­ғы жылғы 30 қыркүйектегі жағ­дай бойынша) бөлімінде жеке және заңды тұлғалардың өтініш­терін қарау мерзімдері бойынша «Тұлғалардың өтініштерін бірың­ғай есепке алудың» автомат­тан­дырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасына мониторинг нә­тижелерінің жинағы 2009 жыл­ғы жағдай бойынша ғана, сон­дай-ақ қылмыстың жай-күйіне криминологиялық болжам ұсы­нылған. Құқықтық статистика деректеріне қолжетімділікті беру аза­мат­тардың конституциялық құ­қық­тарын іске асыру және оны ұйым­дастыру мақсатында ғана емес, білім беру және ғылыми қызметтің толыққанды үдерісін қамтамасыз ету үшін де қажет. Құ­қықтық статистикалық ақпа­рат­ты талдау негізінде әзірленген ғы­лы­ми болжамдар биліктің бар­лық тар­мақ органдарының прак­ти­ка­лық қызметіне жәрдем етуге тиіс. Құқықтық статистикалық ақ­па­раттың жариялылығын қамта­м­а­сыз ету құқық қорғау орган­дары­ның статистикалық деректермен айла-шарғы жасауына жол бермеуге, қылмыстарды жа­сы­ру фактілерін азайтуға, сыбай­лас жемқорлық көріністері мен үдерістерін қадағалауға да мүм­кіндік береді. Осы саладағы қазіргі жағдай­ды жақсарту мақсатында дамы­ған елдердің құқықтық статистика саласындағы тәжірибесін зерделеп, пайдалану қажет. Мәсе­лен, Жапонияда «Қылмыстың ақ кітабы» жыл сайын басып шы­ға­рылады, бұл кітап кез келген мүд­делі тұлғалар үшін қолжетімді. Бұл басылым көптеген статис­ти­калық деректерді, кестелер мен диаграммаларды қамтиды. Қыл­мыс­тың алдын алу жөніндегі қыз­метке халықты тарту үшін мемлекеттік органдар халықпен диалог орнатып, қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатқа қоғамдық қолдауды күшейту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Барлық құқықтық статист­и­ка­лық ақпаратты бір уәкілетті ор­ган­ға жинау қажет. Қазір құ­қық­тық статистиканың және есепке алудың барлық түрін комитет жүргізбейді. Атап айтқанда, жаппай саяси қуғын-сүргін жыл­да­рын­да сотталған адамдарды ве­домстволық еске алуды жүр­гізуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінен құқықтық статистика орган­дары­на беру туралы мәселені қарау та­лап етіледі. Бұл барлық мүд­делі тұл­ғалардың осы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қажет. Осы жазылғандарды негізге ала отырып: мемлекеттік құзыретті орган­дар­ға барлық мүдделі тұлғалар­дың құқықтық статистикалық ақпаратқа уақтылы және еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету жө­ніндегі шаралар кешенін әзір­леу­ді тапсыру; қуғын-сүргінге ұшыраған адам­­дарды есепке алу жөніндегі функ­цияны комитетке беру мәселесін қарау; мүдделі мемлекеттік органдармен бірге сот статистикасын жүр­гізу департаментінің функ­ция­ларын комитетке беру жөнін пысықтау қажет деп есептеймін. Аталған мәселелер оң шешімін тапқан жағдайда, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарына ко­ми­теттің құзыреті мәселелері бо­йынша заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу жөнінде заң жобасын әзірлеуді енгізу қажет. Берік ИМАШЕВ, Сенат депутаты.