Қазақстан • 30 Тамыз, 2017

Негізгі Заңымыз барлық қиындықтарға қарсы тұра алды

307 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

1995 жылғы Консти­ту­ция­ны қабылдаған­нан бері өтке­н 22 жыл тарихи өлшеммен қа­­ра­­ғанда көп уақыт емес. Қазақстанның осы кезеңдегі заң­­­намалық даму өзгерістері оған 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары енгізілген толық­тыруларда көрініс тапты. Со­ның ішінде 2011 жылғы ен­гізілген өзгерістен басқасы сая­си және ғылыми ортада конс­титуциялық реформалар деп бағаланды. 

Негізгі Заңымыз барлық қиындықтарға қарсы тұра алды

Конституциялық реформа­лар­дың араға әрбір 9-10 жыл са­лып жасалып отырған се­бе­­бі – еліміздің қоғамдық-сая­­си және әлеуметтік-эко­но­­микалық шұғыл өзгеріс­те­ріне байланысты болып отыр. Уақыт талабына сай үн­­­­д­есу немесе одан алға жү­ру мақсаты Мемлекет бас­шы­­­­сы Н.Назарбаевтан Конс­ти­­туцияға кешенді өзгерістер мен толықтыруларды енгізу­дің бастамашылығын талап ет­ті. 

1998 жылдан бергі конс­ти­туциялық реформаларда Президент пен биліктің үш тармағының өкілеттігіне қа­тыс­­ты тұстары басым бол­ға­ны­мен әрбір келесі өзге­ріс­тер­де олардың үлесі азайып, 84-тен 60 пайызға дейін түскен. Осы өзгерістерде Парламент өкі­леттігінің өсу динамикасы ар­тып, ол 50-ден 55 пайызға дей­ін жеткенін көреміз. Бұл тен­денцияны волюнтаристік, субъек­тивті шешім деп айту­ға болмайды. Әрине, Конс­ти­­туция қабылданған 1995 жыл­­ғы алғашқы нұсқада да пар­ламенттің еліміздің қоғам­дық және мемлекеттік өміріне қатысты өкілеттігінің әлеуеті зор болатын. Бірақ оның бола­шақ контуры анық болмады. Ал тоқсаныншы жылдар орта­сындағы өмір шындығы ор­талықтандырылған, жеке дара биліктің күшеюін талап етті. Кейін, саяси және эко­номикалық келіс­пеу­ші­ліктер еңсеріліп, қоғам­дық өмір тұ­рақтанған сай­ын Парламент жа­ңа сапа­ға кө­теріліп, жаңа өкі­лет­тік­тер­ге қол жеткізді. Де­пу­тат­­тардың саны да көбей­ті­­ліп, саяси партиялар мен Қа­зақстанда тұратын этно­стар­дың мүдделерін еске­ретін Қазақстан халқы Ассам­блея­сынан да депутаттар сай­ланып, өкілдігі де артты. Со­ны­мен қатар биліктің бас­қа тар­мақтарына ықпалы күшей­іп, бұрын мемлекет бас­шы­сы­ның құзырына енетін кей­бір өкілеттіктерді алды. 
Парламент рөлінің қоғам мен мемлекеттік билік жүйе­сін­­дегі демократиялық жолмен өсу үрдісі болашақта өзі­­нің тиімділігін сөзсіз көр­се­тетін болады. Әзірге бұл іл­гері­­л­еушілік ілімін мамандар бол­маса халық барлық қы­ры­нан таныған жоқ. 

1991-ден 1995 жылдарға дей­інгі екі рет парламенттік дағ­дарысқа ұшыраған Жоғар­ғы Кеңес экономикалық ре­фор­малар мен мемлекеттік бас­­қарудың даму қарқынына сәй­кес бола алмады. Өмір­дің өзі бізге қағидатты түр­дегі жаңа Парламенттің қа­жет­ті­гін көрсетті. Ең алдымен бұл 90-шы жылдардың орта­сын­да Қазақстанда қа­лып­тас­қан экономикалық жағ­дайға байланысты еді. Сол кездің экономикалық кар­тасына шолу жасасақ, ай­мақ­тардағы өндіріс салалары әрқилы-тын. Еліміздің батыс жағы негізінен мұнай-газ өндірумен айналысса, шығыс пен орталықта толық мүмкіндігінде жұмыс істемей тұрған өңдеу кәсіпорындары жеткілікті еді. Солтүстік пен оң­түс­тіктің негізгі кәсіптері ауыл ­шаруашылығына бағыт­тал­ды. Сондықтан орталық пен шығыс бұрынғы шаруа­шы­лық байланыстарды қал­­пына келтіруді қаласа, батыс­та мұнай өндіру орында­ры мен инвесторлар тар­т­у­дың заңнамасын жасау мә­се­лесі өзекті болды. Ал оң­түс­тік пен солтүстік ауыл ­ша­руа­шы­лығы өндірісін қалпына кел­тіруге мүмкіндік беретін заң­намалық негіздер талап ет­ті. Осы және басқа да проблемалар жергілікті биліктің басқару ісін жүргізуі үшін облыс­тардың жағдайын жақ­сы білетін мамандардан Се­нат­тың құрылуын қажет ет­ті. Со­нымен бірге сол эконо­ми­калық қиыншылық жылдарында Президенттің рефор­ма­торлық бастамаларын қол­дайтын саяси партия да бол­ған жоқ. Тек Сенат қана Пре­зи­дентке ресми қолдау көр­се­те алатын еді.

Қазіргі, айқын көрінген эко­номикалық жетістіктер, сай­­лау жүйесінің пропор­ци­онал­дық амалмен құрылған көп­партиялық, президенттік билікке деген халық сенімі­нің артуы екі палаталы пар­ла­мент­тің құрылғандығы дұрыс ше­шім болғанын дәлелдеді. 
қоғамдық прогрестің ло­гикасына сәйкес болатын партиялық жүйеге толықтай қол жеткізгенше сайлаудың бұрынғы аралас жүйесін де қарастырған дұрыс шығар. Сонда Парламенттің заңна­малық функцияларды атқаруы ғана емес Үкіметті жасақтау және оның жұмысын бақылау, мем­лекеттік бюджетті бекіту, Конс­титуциялық Кеңестің мү­ше­лері мен Жоғарғы сот­тың судьяларын сайлау және т.б. мәселелерді шешудегі өкіл­дік рөлі артады. Ал Пар­ла­менттегі партиялық көп­ші­лік өз­дерінің бастамаларын басқа пар­тиялық фракциялармен ғана емес, бір мандатты округтерден сайланған депутаттар­мен де келісетін болады. Осы­ның өзі өте маңызды. 

Қалай десек те, еліміздің Ата Заңы мемлекеттің басына түс­кен барлық экономикалық, әлеу­меттік қиыншылықтарды ре­формалар арқылы еңсеруге мүм­кіншілік беріп, алға бастап келеді. Бұл бағыттағы оның әлеуеті әлі де зор. Соның ішінде біз жоғарыда айтқан кейбір мәселелер де оның ауқымында шешімін табатын шығар деп ойлаймыз. 

Еркеш НҰРПЕЙІСОВ,
заң ғылымдарының докторы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024