18 Қазан, 2011

Ғибраты мол ғұмыр

442 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елі үшін еңбек етіп, халқының қалаулысы болу екінің бірінің маң­дайына жазыла бермейтін бақыт. Мі­не, сондай сирек тұлғалардың қа­та­рында небәрі 35 жасында Қазақ КСР Жоғарғы сотының төрағасы бол­ған белгілі қоғам қайраткері Әби­долла Биекеновтің есімі аталуы заңды. Құйрықты жұлдыздай ағып өткен қысқа ғұмырында халқының қаже­ті­не жарайтын, елінің ертеңіне қызмет ететін жұмыстар атқарып кеткен абзал азаматтың туғанына 100 толуы өзі туған Ақтөбе топы­ра­ғында әдемі аталып өтті. Облыстық соттың мұр­ындық болуымен өткен осы мерекелік шараға жұртшылық көп жинал­ды, мерейтой иесінің ұр­пақ­тары, көз көргендер алыс-жа­қын­нан арнайы ат арытып келіп, бас қосты. Алдымен, облыстық сот ал­дына қойылған Әби­долла Биекенов­тің ескерткіш мүсі­нінің алдында еске алу митингісі болды. Митингіні Ақтөбе қаласының әкімі Нұрмұ­хам­бет Әбдібеков қысқа­ша кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ол қыс­қа ғұмырында елі үшін еңбек етудің үлгісін көр­сет­кен тұлғаның халық жадында мәңгі сақталатынын жеткізді. Оның елі­міз­дің сот жүйесін қа­лып­тастыруға өлшеусіз үлес қосқа­нын айта келіп, 100 жылдық мерей­то­йының ел Тәу­елсіздігінің 20 жыл­ды­ғымен тұспа-тұс келуінің өзінде үйлесімділік бар екеніне тоқталды. Сенатор Иран Әміров, Жоғарғы Сот жанын­да­ғы соттардың қызметін қам­тамасыз ету департаментінің бас­шы­сы Бау­ыржан Жұмағұлов, ұлы Марат Биекенов және басқалары мерейтой иесінің азаматтық, әкелік, бас­шылық қасиеттерін тарата келіп, оның өмір жолы туралы естеліктер айтты, білікті басшы, сот ісінің білгірі, энци­к­ло­педиялық білім иесі екенін, адами болмыс-бітімін жиналған­дар жа­дын­да жаңғыртты. Минтингіде шығып сөйлеушілер белгілі қоғам қайраткері Әбидолла Биекеновтің ғибраты мол өмірбая­нын негізге ала отырып, талантты тұлғаның болмыс-бітімін аша түсті. Оған деген ақтөбеліктердің қалт­қы­сыз көңілінің белгісіндей ескерткіш мүсіні облыстық соттың алдына қой­ылған, Шалқар қаласындағы бір кө­­ше оның атымен аталады. Қала әкім­дігі, құқық қорғау органдары, жоға­ры оқу орындары, мекемелер ескерт­кіш мүсінге гүл шоқтарын қойды. Содан кейін Әбидолла Биеке­нов­тің 100 жылдығына арналған конференция өткізілді, «Жасын ғұмыр» кітабының тұсаукесері болды. Ұр­пақ­тары ас беріп, құран бағыштатты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.