19 Қазан, 2011

Қауышу

320 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан мен Түркияның Бурса провинциясы бауырлас аймақтарға айналды Жақында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Түркияның экономикалық жағынан ең бір жақсы дамыған Бурса провинциясында ашылған бизнес-форумның жұмысына қатысты. Бурса – химия өндірісі, жиһаз жасау және құрылыс саласы жақсы дамыған ірі өнеркәсіптік аймақ. Ол Түркиядағы тоқыма өнеркәсібінің орталығы ретінде де танымал. Мұн­да автомобиль және мәшине жасау, металлургия салаларының өндіріс­тік буындары да орналасқан. Ай­мақ­та «Рено», «Фиат» жеңіл көлік­терін, оларға қосалқы бөлшектер, орта қуатты жүк мәшинелерін шыға­ра­тын зауыттар бар. Түркия автомобиль экспортының 75 пайызына жуығын құрайтын Бурса – елдегі ірі автомобиль экспорттаушы орталық. Кездесу кезінде Бердібек Сапарбаев пен Бурса провин­ция­сы­ның гу­бернаторы Шахабаттин Харпута өз­ара сауда-экономикалық серіктестік, сондай-ақ, Бурса мен Шы­ғыс Қазақ­стан облысы арасын­да келісілген бауырластық қарым-қатынасты одан әрі дамытудың бола­шағы жайында кеңінен әңгіме қозғады. Бурса қала­сы­ның мэрі және сауда-өнеркәсіп палатасы кеңесі төрағасының орын­ба­­са­ры­­мен де келелі әңгіме болды. Өндіріс саласындағы әріптес­тік­пен қоса, форумға қатысқан Шығыс Қазақстан облысының бизнесмендерін түрік кәсіпкерлерінің туризм сала­сындағы аса бай тәжірибелері де қы­зықтырды. Бурса аймағы тау шаң­­ғ­ысы курорттарымен әйгілі, табиға­ты жағынан біздің облыс­пен ұқсас жерлері аз емес. Олар­дың жоғары дамыған инфра­құ­рылымы Шығыс Қазақстанға өте-мөте қа­жет-ақ. Бизнес-форум аяқталған соң оған қатысушылар сурет көрмесі­мен танысып, Шығыс Қазақстан өнер ұжымдары әзірлеп апарған кон­цертті тамашалады. Шығыс­қазақ­стандықтар сондай-ақ, Түр­кия­дағы 220-дан аса кәсіпорын ор­наласқан Бурса қаласының өнер­кә­сіп аймағымен мұқият танысты. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.
Соңғы жаңалықтар