Осы күні көрме штаттық режімде қызмет етеді, барлық павильондар қонақтарды 09:30-дан 20:00-ге дейін қабылдайды. Айта кетерлігі, көрмеге кіру аумағы алдындағы ресми билет кассалары 09:00-ден 18:30-ға дейін және 22:00-ден 00:30-ға дейін жұмыс істейді. Ал 19:00-ден 22:00-ге дейінгі уақыт аралығында көрменің барлық кіреберістері жабылады. Оңтүстік және батыс кіреберістері сағат 22:00-ден бастап қайта ашылады және 01:00-ге дейін көрмеге келушілерді қабылдайды.
Павильондар атриумы 22:00-де ашылып, 2:30-ға дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында халықаралық павильондар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынады. Көрме кешені аумағындағы мейрамханалар мен тамақтану орталықтары жұмыстарын 22:00-ден 02:30-ға дейін жалғастырады.
Концерттік бағдарлама сағат 18:00-ден 20:00-ге және 21:00-ден 23:10-ға дейін амфитеатр сахнасында өтеді, оны ЭКСПО-2017 көрмесіне кіру билеті арқылы тамашалауға болады. Көрменің жабылу салтанатына арналған отшашу сағат 21:15-те өтеді.