Халық денсаулығын сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға «Қазавиақұтқару» АҚ ұжымы өз үлестерін қосуда. Денсаулық сақтау министрлігімен бірге Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының аймақтары бойынша медициналық көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сол секілді Астана, Алматы, Атырау, Қызылорда қалаларында құрылымның аймақтық орталықтары ашылды. Ондағы мақсат – білікті медицина мамандарын уақтылы жеткізуге науқастарға жедел жәрдем көрсету.
Санитарлық авиацияның көмегімен Отанымыз бойынша 56 тапсырыс, оның ішінде 38 тасымалдау мүлтіксіз орындалып, 18 әртүрлі дәрігерлік кеңес берілді. Бұған мысал ретінде мына дәйекті келтіруге болады. Жақында Алматы көп бағдарлы клиникасының екі дәрігері Нарынқол ауданына жеткізіліп, онда науқасқа жедел түрде операция жасалды. Сол секілді Атыраудан Ақтауға тапсырмамен Ми-706 тікұшағы ұшып шықты. Сол жерде науқас балаға медициналық көмек көрсетіліп, артынан ата-анасымен Ақтөбеге жеткізілді. Санитарлық тікұшақ экипаждарының құрамы, қандай қиын жағдайларда болмасын, науқас адамдарға көмек көрсету үшін тапсырмаларды орындауда.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, елімізде әртүрлі маңызды істер жүзеге асуда. Солардың бірі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша санитарлық тікұшақтарды сатып алу, ұшқыштар мен инженерлер құрамын жақсарту және көбейту. Санитарлық тікұшақтар медициналық модульдермен жабдықталған. Атап айтқанда, тікұшақтың бортына алынған науқастарға жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, гинекологиялық, т.б. ауруларға қарсы көмек көрсетіледі.
Алдағы уақытта да «Қазавиақұтқару» АҚ Жедел медициналық көмек республикалық ғылыми орталығымен бірлесіп Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға, қатерлі аурулардың алдын алуға, дер кезінде медициналық көмек көрсетуге әрдайым өз үлесін қоса береді.
Күлтай ӘМІРЕЕВА, «Қазавиақұтқару» АҚ аға маманы.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше