10 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 5 есеге ұлғайды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 көрмесінің 89-шы күні келушілер саны күрт ұлғайды.

ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 5 есеге ұлғайды

ЭКСПО-ның соңғы күндері орын алған мұндай қарбаластың фотосуреттері ҚазАқпаратта жарияланған болатын. «Көрменің аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 9 қыркүйекте ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 100 514 адам келді. Салыстырып қарар болсақ, Көрменің алғашқы күндері орта есеппен күніне 22 840 келуші тіркелген еді», - деп жазды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Осылайша, 10 маусымнан 9 қыркүйекке дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 3 860 000 адам келген.

Айта кетейік, бүгін ЭКСПО-2017  көрмесінің жабылу салтанаты өтеді. Бұл күні көрме павильондары түнгі сағат 3:00-ге дейін ашық болады. Бір ғана өзгешелік, ресми тұлғалардың келуіне байланысты көрме аймағы 19.00-ден 22.00-ге дейін жабық болады. Ал 22.00-де оңтүстік пен батыс жақтағы кіреберістер қайта ашылады. Амфитеатрдағы концерттік бағдарлама 18:00-20:00 және 21:00-23:10 аралығында ұйымдастырылады. Ал көрме жанындағы кассалар 08:30-18:30 және 22:00-00:30 аралығында істейді. Мерекелік отшашу сағат 21.15-те болады.