Назарбаев Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Ислам даму банкінің президенті Бандар бен Мұхаммад Хаджармен кездесті. Бұл туралы akorda.kz xабарлады.

Егемен Қазақстан
10.09.2017 958

Қазақстан Президенті Астанада өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысқаны үшін Ислам даму банкінің президентіне ризашылық білдірді.

– Ислам даму банкімен ынтымақтастығымыз жыл сайын нығая түсуде. Бүгінгі саммит «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл көрменің тақырыбы – жаңа энергетика. Онда барлық елдердің осы саладағы жетістіктері көрсетілді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көрме жұмысы аяқталған соң оның орнында Халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтінін, оның қызметі ағылшын құқығына негізделетінін атап өтті.

– Біз көптеген дамыған елдердің осы саладағы қызметіне талдау жасап, бұл орталықтың жұмысын Дубайдағы қаржы орталығының үлгісі бойынша қалыптастыруды ұйғардық. Ислам даму банкі осы жұмыстарға тікелей атсалысады деп үміттенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Ислам даму банкінің президенті қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына алғыс айтты.

– Біз осындай ауқымды іс-шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бұл – Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар саласындағы алғашқы саммиті. Осы маңызды саммитке қатысуға мүмкіндік жасағаныңыз үшін ризашылық білдіреміз, – деді Бандар бен Мұхаммад Хаджар.

Сондай-ақ, Ислам даму банкінің президенті бұл саммит Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылым мен жаңа технологияларды дамытуға бағытталған қызметінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

– Бұл Сіздің болашақ ұрпақтың дамыған елдермен бәсекелесуге мүмкіндігін арттыруға қосқан үлесіңіз. Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ғылым және технологиялар жөніндегі қорын құруға қолдау көрсеткеніңіз үшін зор алғысымды білдіремін, – деді Бандар бен Мұхаммад Хаджар.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымы сәтті аяқталды (видео)

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Астананың құрдастары: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру (видео)

21.06.2018

Түркістан облысы - Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

21.06.2018

Үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды

21.06.2018

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді

21.06.2018

Біздің мақсат – мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу – А.Шпекбаев

21.06.2018

Ислам қолжазбалары зерттелуі тиіс

21.06.2018

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорын құру ұсынылды

21.06.2018

Цифрландыру – ел дамуының басты кепілі – А. Оспанов

21.06.2018

Оралда қарақшыны құрықтады

21.06.2018

Бүгінгі күннің батырлары - Сәбитжан Аязханов пен Бексұлтан Кеңесов

21.06.2018

Амангелді АРЫСТАНБЕКОВ. «Спирт» операциясы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу