21 Қазан, 2011

Толғандырған сауалдар жауабын тапты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада «Санитарлық-эпидемиологиялық қа­да­ғалау саласындағы заңнамалардың ерекшелігі. Бизнесті жүргізу шарты» атты тақырыпта дөңгелек үстел оты­рысы өтті. Әңгіме Сауда-өнеркәсіп палатасы кәсіпкерлер мен Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік сани­тарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті өкілдері арасында өрбіді. Жиында баяндама жасаған Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин саладағы бір­қатар шаруаларға тоқтала келе, кейбір кәсіпкерлердің әлі де болса санитарлық талаптарды сақтауда салғырттықтар танытатынын қынжыла айтты. Сондай-ақ бас санитар осының салдарынан астан улану фактісі тіркелген еліміз қалаларындағы біраз мейрамханалар мен кафелерді тілге тиек етті. Қайғылы жағдайға дейін апаруы мүмкін салақтықтың алдын алу әрбір кәсіпкердің міндеті екенін де назардан тыс қалдырмады. – Кәсіпкерлер мен билік өкілдері арасындағы тікелей үнқатысу, сонымен қатар, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелері дөңгелек үстел­дің басты мақсаты болып табылады. Біздің міндетіміз, отандық кәсіпкерлердің бизнесіне мейлінше жәрдемдесу екенін де айтқан ләзім, – дейді Сауда-өнеркәсіп пала­та­­­сының вице-президенті Салтанат Аханова. Аталмыш жиында елуден аса қазақстандық компания өкілдері өздерін толғандырған түрлі сауалдарға жауап алды. «Егемен- ақпарат».