21 Қазан, 2011

Акция қарқын ала түсті

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясының «Халықтың дауысы» респуб­ликалық акциясы қарқынды өтуде.  Бүгінге дейін бүкіл еліміз бойынша 370 мың адам акцияға қатысты. 19 қазанда партия бастамасын Ақмола облысы тұрғындары да белсене құптады. Өңірде бірінші күннен бастап анкета қабы­л­дай­тын 43 орын жұмыс жасауда. Ол­ардың барлығы адамдар көп шо­ғырланатын жерлерде, ірі сауда нүктелерінде, өндіріс және оқу орындары ғимараттарында орна­лас­қан. Қазірдің өзінде 15 мың­­нан астам ақмолалық өз тілектері мен ұсыныстарын жеткізді. Өз аманаттарын қалдырған ел тұрғындары бұл акцияның маңыз­дылығына да баса назар аударуда. Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл толған уақытта айтылып жатқан барлық ұсыныстар елді одан әрі жаңғыртуға өз септігін тигізетіні сөзсіз. Көкшетауда акция аясында халыққа қызмет көрсету орталы­ғында «Жедел қабылдау» ұйым­дас­тырылды. Акцияға қатысушы, мүгедектерді қолдау жөніндегі «Үміт» қоғамдық қорының өкілі атап өткеніндей, аймақтық пар­тия­лық ұйыммен өзара әріп­тес­тіктің арқасында Көкшетауда гомодиалдық аурулар демалатын орынның құрылысы басталған. Акция шахтерлар қаласы – Қарағандыда да белсенді жалға­сын табуда. Шараға тек өндіріс ұжымдары мен оқу орындары ем­ес, қала тұрғындары да қызу ат­са­лысуда. 19 қазанда «Халық­тың да­уысы» акциясы «Мир» аулалық клубында өтті. Аулалық клуб өзі­нің спорттық және мәдени-та­ным­дық қызметтерімен ерекшеленеді. Бұл жерде ересектер мен балаларға арналған түрлі секциялар мен ұйымдар бар. 300-ден астам адам тоғызқұмалақ, шахмат, спорттық би және түрлі үйір­ме­лерге қатысу мүмкіндігіне ие. Акцияға қатысушылар еліміздің 20 жылдық мерейтойына деген ыстық ықыластарын жеткізіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа кемел басшылығының арқасында жеткізген жетістіктері үшін ал­ғыс­тарын білдірді. «Нұр Отан» партиясының «Ха­лықтың дауысы» акциясы жалғасуда. «Егемен-ақпарат».