Қазақстан-Өзбекстан: Өзара байланыстың жаңа белесі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 16-17 қыркүйекте Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапармен болды. 

Егемен Қазақстан
18.09.2017 1338

Сапар аясында келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды. Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді және қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады. 

Ынтымақтастық арта түсті

Өзбекстан билігіне Шавкат Мирзиёев келгеннен бері екі ел арасындағы қарым-қатынастың жиілей түскені рас. Бұл елге жаңа президент сайланғаннан кейінгі алғашқы болып мемлекеттік сапар жасап отырған да Қазақстан Президенті екен. Жалпы Шавкат Мирзиёев біздің елмен байланыс­ты бекемдей түсуге айрықша мүдделі екені биылғы наурыздағы Қазақстан сапарынан да айқын аңғарылған болатын. Сол сапардың аясында да көптеген құжатқа қол қойылып, қазақ-өзбек қатынасы жаңа белеске қадам басқан еді. Аз уақыт ішінде екі ел Президенттерінің алты мәрте жүздесуінің өзі елдер арасында шешімін күткен көп мәселенің жиналып қалғанын, уақыт оздырмай көптеген келісімдерге қайта қол қойып, ынтымақтастыққа жаңаша серпіліс жасаудың қажеттілігі болғанын көрсетеді. 

Өзбек ағайындар Қазақстан Президентінің осы сапарын да ерек­ше бағалап, көршісінің Көш­бас­шысын күтіп алуға аса бір ыж­да­ғаттылықпен дайындалғанға ұқ­сай­ды. Ташкент көшелерінде жиі ілін­ген көз сүріндірер көк тула­рымыз, қазақ бауырларына «қош келдің» айтқан билбордтар, тіп­ті олардың, қазақ тілінде жазы­луының өзі көршінің бізге деген көлдей көңілін көрсеткендей. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ташкент әуе­жайынан Өзбекстан Президенті Шав­кат Мирзиёев қарсы алды. Мем­лекеттік сапарға лайық жол-жорал­ғысы, ресми рәсімдері жасал­ған соң Президенттер Өзбекстан халқының жалпыұлттық символы болып саналатын «Тәуелсіздік және гуманизм» монументіне гүл шоғын қойды. Одан соң Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге Ташкент қаласының ең көрнекті орындарының бірі саналатын «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды. Кесенеде қазақтың атақты тарихи қайраткері Төле би жерленген. Бұл сәулет ескерткіші – қазіргі Ташкент аумағындағы ең көне ескерткіш. Кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған-ды.

Сәулет кешенін аралаған соң Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бұқаралық ақпарат құралдары үшін қысқаша брифинг өткізді. Онда мемлекеттер басшылары бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді. Одан соң Президенттер «Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» атты өнеркәсіп көрмесін аралап көрді. Онда мемлекеттер басшылары қазақстандық тауар өндірушілердің өнімімен танысты. Көрмеде әскери-техника, авиация, фармацевтика, тоқыма өндірісі, құрылыс, сондай-ақ машина жасау, автомобиль құрастыру және ІТ салаларындағы қазақстандық 50-ден астам ірі компаниялардың экспортқа арналған өнімдері қойылған екен. 

Бұл күні Қазақстан Президенті Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне де қатыс­ты. Өзбекстанның тұңғыш прези­ден­тіне арналған монумент Ташкентте «Ақсарай» резиденциясының алдына қойылып, 2017 жылғы 31 тамызда ашылған болатын.

Келелі келіссөздер

Елбасының Өзбекстанға мем­ле­кеттік сапары аясында ел көш­бас­шылары екіжақты және кеңей­тілген құрамда келіссөздер өткізді. Кездесуде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы ризашылығын білдіріп, барша Қазақстан халқына деген зор құрметін жеткізді.

«Осы жылды екі елдің қа­рым-қатынасындағы тарихи жыл деп айтуға толық негіз бар. Мем­лекеттеріміз арасында эконо­ми­ка­ның барлық саласы бойынша ай­тар­лықтай ілгерілеушілік байқалуда. Бұл біздің алтыншы кездесуіміз. Ол бауырлас екі ел арасындағы дос­тық ниетті білдіреді», деді Өз­бекстан Президенті.

Шавкат Мирзиёев Қазақ­стан­ның ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесін және Ислам ынты­мақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бі­рінші саммитін жоғары деңгейде өткізуі Нұрсұлтан Назарбаевтың биік беделінің арқасында мүмкін бол­ғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті өзбек көш­басшысына сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық біл­діріп, екіжақты қарым-қаты­нас­тар­дың қарқынды дамып келе жатқа­нын, сондай-ақ оны одан әрі ке­ңей­тудің әлеуеті зор екенін айтты.

«Сіз аз уақыт ішінде екіжақ­ты қарым-қатынасты табысты да­мы­туға зор үлес қостыңыз. Біз кез­десулеріміздің арқасында көптеген түйткілді мәселелерді шеше алдық. Біздің тіліміз, мәдениетіміз, дініміз ортақ. Сондықтан бізде тығыз ынтымақтасудан басқа жол жоқ. Өзара іс-қимылымыз тиімді болу үшін нақты істер атқарып, бір-бірімізді қолдауымыз қажет», деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбек­стан­ның өңірде маңызды рөл атқа­ратынына ерекше тоқталып, Шавкат Мирзиёевтің екі елдің іс­керлік ынтымақтастығын жан­дан­дыруға айрықша үлес қосқанын атап өтті.

«Сіз Президент лауазымындағы бір жыл ішінде көп жұмыс атқар­дыңыз. Сіздің валюталық реттеу, ше­караны ашу, бизнесті дамыту үшін жағдай жасау жөнінде қа­был­даған шешімдеріңізді тарихи ше­шімдер деп атауға болады. Біз­дің іскерлік қарым-қатынас­тарымыз өзара тиімді жағдайларға негізделуге тиіс», деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, әскери-өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық сала­лар­ындағы екі ел арасындағы ынты­мақ­тас­тықты нығайту мәселелері тал­қыланды.

Көлік қатынасы күшейді

Қазақстан Президентінің Өзбек­стан Республикасына мем­лекеттік сапарының қорытындысы бойынша екі елдің басшылары қатысқан арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Онда Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер игі дәстүрге айналғанына тоқталып, Өзбекстанға жасаған осы сапарын тарихи сапар деп атады. «Аз ғана мерзімде осымен алтыншы рет жүздесіп отырмыз. Бұл – біздің стратегиялық серіктестігіміздің, екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуының жарқын мысалы», деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Шав­кат Мирзиёевпен жасал­ған уағдаластықтардың қоры­тын­ды­лары бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік саласындағы байланыстарды нығайтуға қатысты қол жеткізілген нәтижелерге назар аударды.

«Қазірдің өзінде уағда­лас­тықтарымыздың нақты нәтижелері көріне бастады. Мәселен, аптасына екі рет Алматы мен Ташкент арасында «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы қатынайды. Біздің ұлттық әуе тасымалдаушыларымыз екі елдің астаналары арасында қо­сым­ша рейстер ашты, алдағы уақыт­та басқа да қалаларымыз ара­сында әуе қатынасы орнайды. Тұ­рақты автобус қатынасы бар. Ірі мемлекетаралық автожолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. М-39 автодәлізінде екі өткізу пунк­ті ашылды. Қазақстан-Өзбекстан ын­тымақтастығының аясында авто­мобиль құрастыру жөніндегі жоба жүзеге асырылды», деді Қазақ­стан Президенті.

Тауар айналымы артты

Сонымен қатар, Елбасы кең ау­қымды бағыттар бойынша екіжақ­ты қатынастарды жандандыру өзара тауар айналымына оң ықпал еткенін атап өтті.

Бұл ретте Өзбекстанның импортталатын тауарлардың кейбір түріне акцизді төмендету туралы шешімі сауда ынтымақтастығын жандандыру жолында жасалған оң қадам болғанын, нәтижесінде биылғы 7 айдың ішінде екіжақты сауда 35%-ға өскенін тілге тиек етті. «Бұл – өте жақсы нәтиже. 2020 жылға қарай тауар айналы­мын 5 млрд долларға жеткізу мін­­­деті қойылды. Осыған орай, Үкі­мет­терімізге өзара тиімді ын­ты­­мақ­тас­тықты жандандыру жә­не пайда­ланылмаған барлық резер­в­ті жұмылдыру жөнінде тапсырма берілді», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сондай-ақ энергетика саласындағы ин­вес­тициялық серіктестік пен ынты­мақтастықты кеңейту қажеттігіне назар аударды.

«Ортамерзімді перспективада бірлескен 2-3 ірі инвестициялық жо­баны іске асыруға уағдаластық. Елдеріміздің газ саласындағы ынтымақтастығы тиімді дамып келеді. Үкіметтерімізге екіжақтың мүддесінен шығатын жаңа газ жобаларын пысықтау тапсырылды», деді Елбасы. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы байланыстарды кеңей­туге септігін тигізетін Өңір­аралық ынтымақтастық форумын тұрақты түрде өткізудің маңыздылығын да атап өтті. Ғарыш индустриясын дамыту бойынша бірлесе жұмыс жасап, осы салада өзара тиімді байланыстар орнату қажеттігін айтты.

Су мәселесі шешіледі

Қазақстан Президенті бас­пасөз мәслихатында Өзбекстан Пре­зидентімен су мәселесін кеңінен талқылағанына тоқталды.

«Бұл мәселе бүкіл Орталық Азия өңірінің одан әрі дамуы үшін айрықша маңызға ие. Орта­лық Азияның шекарааралық су ре­сурстары өңірдегі барлық халық­тардың ортақ мұрасы мен игілігі болып табылатынын атап өткен жөн», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Со­ны­мен қатар, Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен Арал теңізінің жағдайына қатысты ке­ліс­сөзінің қорытындысы туралы айтты. 

«Келесі жылы Халықаралық Аралды құтқару қорына 25 жыл толады. Қазір ол Арал мәсе­лесі жөніндегі бірден-бір мемле­кетаралық тетік болып табылады. Осыған орай біз Қордың жұмысын жандандыру қажеттігі жөніндегі ұстанымдарымыз ортақ екенін растадық. Атап айтқанда, біз 2018 жылы жоғары деңгейде кездесу өткізіп, әріптестерімізбен бірге баршамызға ортақ осы мәселені шешудің өзара тиімді жолдарын талқылауға ниетті екенімізді біл­дірдік, деді Елбасы.

Ұстанымымыз ұқсас

Нұрсұлтан Назарбаев келіс­сөздер барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге ерекше назар аударылғанына тоқталып, көптеген халықаралық оқиғаларға қатысты Қазақстан мен Өзбекстанның ұстанымы ұқсас екенін атап өтті.

«Біз көпжақты форматта, соның ішінде Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі аясында өзара іс-қимыл жасаудың мәсе­лелерін қарастырдық. Ауған­стан­дағы жағдайға байланысты өңір­де қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты пікір алмастық. Ислам Ынтымақтастығы Ұйы­мының ғылым және техноло­гиялар жөніндегі Астана сам­ми­тінің қорытындыларын, сон­дай-ақ Ташкенттің Ислам Ынты­мақ­тастығы Ұйымының осындай саммитін Өзбекстанда өткізу туралы бастамасын талқыладық», деді Президент.

Рухани мүдде ортақ

Мемлекет басшысы, сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гу­ма­нитарлық байланыстарды дамы­тудың маңызды екенін айтты.

«Біздің тығыз мәдени-гума­ни­тарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздың ма­ңызды факторы болып саналады. Біз 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге ке­ліс­тік. Өзбекстанда Қазақстан жы­лын да өткізу күн тәртібінде тұр. Осы бастамалар аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп, олар бауыр­лас халықтарымыздың жақын­дас­тығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізеді», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сапар қорытындыларын жоғары бағалап, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дәстүрлі тату көршілік, достық және сенімге негізделген байланыстар мен серіктестікті одан әрі нығайтуға серпін беретініне сенім білдірді.

«Қазақстан мен Өзбекстан көш­басшыларының бірлескен мәлім­демесін қабылдадық. Үкіметтеріміз Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды, деді Мемлекет басшысы.
Елбасы Қазақстан делега­ция­сының және жеке өзінің атынан өзбек халқының өсіп-өркендеуіне ниет­тестік білдіріп, барлық бастамаларына табыс тіледі. Сондай-ақ екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарға қолдау білдіретінін айтты.

«Ғасырлар тоғысында» өзбекше «сөйледі»

Өзбекстан Президенті Қа­зақ­стан Президентіне ниеттестігі үшін алғыс айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық және өңір­аралық қақтығыстарды шешудегі бітімгершілік рөлін ерек­ше атап өтті.

«Сіздің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабыңыз өзбек тіліне ауда­рылды. Мен Сізге сол кітапты ыс­тық ықыласпен көрсеткім келеді», деді Шавкат Мирзиёев.

Өзбекстан көшбасшысы бұл кі­тапты 1996 жылы Жизақ облы­сының хокимі болып тұрғанда оқы­ғанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабынан үзінді келтірді. Кітаптың «Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құш­тар­лық, азаттыққа құштарлық қайта­дан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды. Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен пара­сатқа баулығанын мақтаныш тұта­мын. Бейбіт тәсілдерге ғана жүгі­ніп, шиеленіс пен кикілжіңнің ере­желеріне мойын ұсынғым келмей­тіндігі де сондықтан», деген жолдарын Өзбекстан басшысы тебі­рене оқып берді. Сондай-ақ Шавкат Мирзиёев бұл кітаптың Өз­бек­станның Мемлекеттік басқару ака­демиясында оқу үдерісі бары­сында пайдаланылатынын атап өтті.

«Біз үшін Астана Қазақстан Президентімен астасатын ұғым. Астана – Сіздің Отаныңызға деген сүйіспеншілігіңіздің көрсеткіші. Мен Сізді мақтан тұтамын» деді Өзбекстан басшысы. 

Өзбектің «тосын сыйы»

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Рес­пуб­ликасының «Ел юрт хурматы» («Халық пен Отан құр­меті») орденімен марапатталды. Орденді Елбасына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев табыстады. Орден жөніндегі тосын жаңалықты Өзбек басшысы баспасөз мәслихаты аяқталғанда айтты. «Кеше мен Жарлыққа қол қойдым. Соның мәтінін оқып беруге рұқсат етіңіз», деді Шавкат Мирзиёев.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемдік деңгейдегі көрнекті мемлекет және саяси қайраткер, тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізін қа­лау­шы. Ұлт Көшбасшысының дана басшылығымен Қазақстан әлемдік қоғамдастықта лайықты орынға ие болып, бүгінде нарықтық экономикасы қуатты әрі азаматтық қоғамы ашық қарқынды дамы­ған демократиялық мемлекет болып саналады. Қазақстан Пре­зиденті біздің тәуелсіз мемле­кеттеріміздің тату көршілік пен өзара түсіністік қарым-қаты­нас­тарын қалыптастырудың бас­тауында болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың зор жеке үлесінің арқасында бауырлас өзбек және қазақ халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік көпірі жасалды. Осы негізде қазіргі уақытта елдеріміздің өзара тиімді және жемісті байланыстары нығайып келеді. Біздің елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтып, оны кеңейтуге, сондай-ақ бейбітшілік пен даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыруға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ел юрт хурматы» орденімен марапатталсын» делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысы өз ке­зе­гінде Шавкат Мирзиёевке және барша өзбек халқына шын ниетпен аса маңызды марапат үшін алғыс білдірді.

«Мен шетелдердің де, елі­міздің де көптеген марапатына ие болдым, алайда бұл марапаттың орны ерекше. Өйткені көрші мемлекеттің жоғары бағасына ие болу зор мәртебе. Мен үшін бұл тосын сый. Біз әрдайым өзбек халқымен қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісетінімізді атап өткім келеді. Тек осылай ғана біз тәуелсіздігімізді сақтап қала аламыз. Бүгін күн тәртібінде тұрған барлық мәселе шешілді, жаңа міндеттер қойылды. Өзбек халқына және Шавкат Мирзиёевке тағы да ризашылығымды білдіремін», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Брифингті қорытындылаған Өзбекстан Президенті Қазақстан Президентіне табыс етілген марапат өзбек халқының және жеке өзінің Нұрсұлтан Назарбаевқа деген шынайы ниеті екенін атап өтті.

Он құжатқа қол қойылды

Мемлекет басшысының Өз­бек­стан Республикасына мемле­кеттік сапары аясында 10 ма­ңыз­ды құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания­сы» акционерлік қоғамы мен «Уз­бе­кис­тон­темирйуллари» ак­цио­нерлік қоғамы арасындағы ынты­мақтастық туралы келісім; Қазақстан Республикасы Қызыл­орда облысының әкімдігі мен Өз­бекстан Республикасы Науаи облысының хокимияты арасын­дағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сала­лар­дағы өзара түсіністік туралы меморандум; Қазақстан Респуб­ликасы Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының хокимияты арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гу­манитарлық салалардағы өзара тү­сіністік туралы меморандум; Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының хокимияты арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара түсіністік туралы меморандум; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мем­лекеттік кеден комитеті ара­сындағы контрабандамен және кеден заңнамаларының бұзы­луымен күрес жүргізудегі ынты­мақтастық туралы келісім; Қазақ­стан Республикасы Үкіметі мен Өз­бекстан Республикасы Үкіметі арасындағы әскери-техника саласындағы ын­ты­мақтас­тық туралы келісім; Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбек­стан Республикасы Үкіметі ара­сын­дағы энергетика саласындағы ын­ты­мақтастықтың бірқатар мәсе­лелері туралы негіздемелік келісім; Су қа­ты­настары саласындағы ынты­мақ­тастық мәселелері жөніндегі жол картасы; Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының өткізу пункттері мен автомобиль жолдарын қайта жөндеу және жаңғырту, сондай-ақ тиісті аумақты абаттандыру жөніндегі жол картасы. 

Жиын соңында Қазақстан Республикасы Президенті мен Өзбекстан Республикасы Пре­зи­дентінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

Динара БІТІК, 
«Егемен Қазақстан» –
Ташкенттен

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

17.08.2018

Тарихи текетірес:Олжабай ма, Жаяу Мұса ма?

17.08.2018

Мемлекет басшысы «Агрофирма Эксимнан» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

17.08.2018

Өзбекстанға Қазақстан арқылы өтетін автокөлік ағыны көбейді

17.08.2018

Озық идеядан – өндіріске

17.08.2018

Қазақстан және Германия Сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығын талқылады

17.08.2018

Балаларға лагерь, лагерьлерге қаражат жеткіліксіз

17.08.2018

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

17.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

17.08.2018

«Корея» синдромы

17.08.2018

Жақсы іс жалғасын табады

17.08.2018

ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр

17.08.2018

Шекарадағы құқық бұзушылық азайып келеді

17.08.2018

Сүт өнімдеріндегі баға теңсіздігі белең алып тұр

17.08.2018

Ауыл кооперативінің артықшылығы

17.08.2018

Отандық балмұздақтардың 10 тоннасы Алматыдан Шанхайға жіберілді

17.08.2018

Басты бағыт – цифрландыру

17.08.2018

Жамбылда ет экспорты мың тоннаға артады

17.08.2018

Рустам МИННИХАНОВ: Экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделіміз

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(3)

Дина (18.09.2017 16:21:17)

Қандай күшті маңызды деген 10 құжатқа қол қойылып, елдер арасында тығыз қарым-қатынас орнап үлгерді. Негізі Өзбекстан елі өзінің көпқырлылығымен танымал

Венера (18.09.2017 16:09:46)

Барлық елдермен тығыз байланыста болу белгілі ел үшін тек жақсы жағынан әсер етері анық. Осылай бара-бара еліміз тез арада дамыған 30 елдің қатарынан табылуына ықпал етеді

Маржан (18.09.2017 16:02:28)

Өзбекстан елінің Эксподағы павильонына барып елдің даму қарқынымен танысып үлгердік. Осы елмен тығыз байланыста болуы тек жағымды жағынан әсер ететіні белгілі

Пікір қосу