22 Қазан, 2011

Турнир жеңімпазы – Парламент командасы

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Алатау» спорт кешенінде Парламент Мә­жілісінің бірінші шақырылымының төраға­сы, мемлекет және қоғам қайрат­кері, ғалым-экономист Марат Оспановты еске алуға ар­налған шағын футболдан жарыс болып өтті. Үшінші рет өткізілген бұл футбол турниріне елордада орналасқан бірқатар елшілік­тердің командалары да қатысты. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров биылғы жарыстың халықаралық мәнге ие болып отырғанын айта келіп, мемлекетімізде саламат­ты өмір салтын ұстануға баса мән беріліп келе жатқанын мәлім етті. Осы орайда Парламент мемлекет және қоғам қайраткері Марат Тұрды­бекұлының жүлдесі үшін үшінші рет жарыс ұйымдастырып отырғанын жеткізді. Биылғы турнирге 8 команда қатысты. Жарыс қорытындысында «Хабар» агенттігі мен Парламент командасы финалға шықты. Тартысты өт­кен кездесуде Парламент командасы айқын ба­сым­дықпен жеңіске жетіп, бас жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін болған кездесудің негізгі уақытында Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен Оспановтар отбасы командасы 3:3 есебімен тең түсті. Пенальти бойынша 2:3 есебімен басым түскен Оспановтар отбасы алғаш рет қатысқан турнирдің жүлдегері атанды. Жеңімпаз командаға парламенттік кубок та­быс етілді. Үздік ойыншылар да марапат­тарға ие болды. Айбатыр СЕЙТАҚ, журналист.