ЭКСПО қарсаңында әкімдік көрме кезінде 65 мыңнан астам балғынды тасымалдаған мектеп автобустарын сатып алды. Қазіргі уақытта оларды оқушыларды тасымалдау үшін пайдалану жоспарланып отыр.
"Келесі кесте бойынша жұмыс атқарылатын болады: ата-аналар мектептермен келісім-шартқа отырады, олар өз кезегінде оператормен қызмет көрсету жөнінде келісім жасасады, - деді "Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы" ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.