Құрылтай • Кеше

Енді Мемлекеттік кеңесші лауазымы болмайды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші лауазымын жою жоспары бар екенін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл шешім мемлекеттік басқару жүйесін ықшамдау және аппараттық құрылымдарды оңтайландыру аясында қабылданып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Енді Мемлекеттік кеңесші лауазымы болмайды

«Қолданыстағы Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін бірқатар аппараттық құрылыммен бірге Мемлекеттік кеңесші лауазымы да қысқартуға жатады», деді Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде.

Елімізде арнайы Конституциялық комиссия құрылатын болды

Еске салсақ, Мемлекеттік кеңесшінің мәртебесі мен өкілеттігі туралы жарлыққа Президент 2022 жылғы маусым айында қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, Мемлекеттік кеңесші республиканың лауазымды тұлғасы саналады, оны қызметке Президент тағайындайды және қызметтен босатады. Мемлекеттік кеңесші Мемлекет басшысының тікелей басшылығымен жұмыс істеп, соған есеп береді әрі соның бақылауында болады.

Бұл қызметке мемлекеттік хатшы болған Ерлан Қарин тағайындалған еді.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Жиын 12 қаңтарда жарияланған. Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұған дейін хабарлағандай, Құрылтай барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның алдағы даму бағыттарын айқындап, қоғам өміріндегі өзекті мәселелерге тоқталады.

Соңғы жаңалықтар