25 Қазан, 2011

Сапар маңызы аталды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Индонезия Конституциялық сотының төрағасы Мохаммад Махфудты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Се­натының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақ­стан-Индонезия екіжақты қаты­настарын одан әрі дамыту мәсе­лелері талқыланды. Төраға сондай-ақ екі мем­ле­кеттің құқықтық саладағы ынты­мақ­тастығын нығайту үшін осы сапардың маңыздылығын атап өтті. «Индонезия Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты айма­ғын­да­ғы маңызды әріптесі болып та­былады», – деді Қ.Мәми. Қ.Мәми айтқандай, «қазіргі кезде Қазақ­стан бұрынғы кеңестік кеңіс­тік­те­гі күшті заңнамалық база­лар­дың бірін иеленіп отыр». Кездесуде жоғары өкілді билік институтын нығайту мәсе­ле­ле­рі бойынша да жан-жақты пікір алмасылды. Мемлекетаралық, оның ішінде құқықтық саладағы қаты­нас­тар­дың барлық салалары бойын­ша ынтымақтастықтың қажет­ті­гіне М.Махфуд қолдау білдірді. Кездесуге Сенат депутаттары И.Әміров пен Н.Жолдасбаева қа­тысты.