Әлем • 02 Қазан, 2017

Лас-Вегастағы атыстан 50-ден астам адам қаза тапты

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лас-Вегастағы атыстың салдарынан 50-ден аса адам қаза тауып, 200 адам жарақат алды.

Лас-Вегастағы атыстан 50-ден астам адам қаза тапты

Шетел басылымдарының мәліметінше, күдікті - 64 жастағы Стивен Пэддок. Ол Mandalay Bay Hotel қонақүй кешенінің 32-қабатынан оқ атқан. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Hyundai Tucson мен Chrysler Pacifica Touring көліктеріне іздеу жарияланды. Осыған дейін атыстан 20 адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Қазір полиция қаскөйдің қасында болған қызды іздестіріп жатыр. Шерифтің айтуынша, қыздың есімі - Мэри Лу Дэнли (Mary Lou Denley). Ол күдіктімен бірге жүрген.

Еске сала кетейік, осыған дейін Лас-Вегаста атыс болып, екі адамның қаза болғаны жайлы хабарланған болатын. Hollywood Reporter басылымының мәліметінше, кем дегенде 20 адам зардап шекті. Ал REUTERS агенттігі екі адамның қаза болып, 24 адамның жарақат алғанын хабарлайды. Кейінірек Желіде Лас-Вегаста атыс басталған сәттің видеосы жарияланды.

May god protect the innocent. #lasegas #mandalaybay #shooting #vegas #casino #pray pic.twitter.com/DG5xjeijDB

— Space Trek9 (@spacetrek9) 2 октября 2017 г.

Қазіргі уақытта полиция жақын маңдағы жолдарды жапты. Ал Мак-Карран қалалық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп қайғылы оқиғаға байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында зардап шеккендер мен олардың отбасыларына көңіл-айтты.

My warmest condolences and sympathies to the victims and families of the terrible Las Vegas shooting. God bless you!

— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) 2 октября 2017 г.