26 Қазан, 2011

24 сағат

223 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Англияда елдің Еуропа Ода­ғы­нан шығуына қатысты бүкіл­халықтық референдум өткізу мә­селесі көтеріліп отыр. Бір­қа­тар ел тұрғындарының пікірінше, Англияға Еуроодақтан келіп отырған пайда шамалы. Елде оқшауланып өмір сүруге қар­сылар қарасы да қалың. Ливияның бұрынғы бас­шы­­­сы Муаммар Каддафидің мәйіті жер қойнына берілді. Ол өзі аманат еткендей туған қа­ласында емес, құм арасына жер­­ленді. Жанында қаза бол­ған ортаншы ұлы да тыныш тап­ты. Үлкен ұлы әкесін өл­тір­ген­дерден кек алатынын мә­лімдеп отыр. Түркіменстан президенті Гур­бангулы Бердымұхамедов өз елінің батыры атағын алды. Бұл атақты тиісті қаулы қабылдау арқылы парламент берді. Де­пу­таттардың шешімін бүкіл өңір өкілдері кіретін кеңесуші орган – ақсақалдар кеңесі қолдады. Олардың пікірінше, Бердымұ­ха­медов ел тәуелсіздігін нығай­ту­ға баға жеткісіз үлес қосыпты. Түркиядағы зілзала сал­да­рынан опат болғандар саны уа­қыт өткен сайын көбейе тү­сіп келеді. Соңғы деректерге қа­рағанда, қаза тапқандар 370 мың адамға жеткен. Бір қуаныштысы, қиранды­лар­дың астынан тірі адамдар да құтқарып алынып жатыр. АҚШ-тың Техас штатында­ғы «Пантекс» кәсіпорнында «қырғи-қабақ соғыс» уақы­ты­нан қалған ең соңғы В53 сы­ныпты аса алып атом бомбасын залалсыздандыру жұмыстары аяқталды. Бұл үдеріс белгіленген кестеден бір жылға жуық уақыт бұрын тәмамдалып отыр. Сириядағы бүлікшілер ар­найы қызметтің антитер­рор­лық бөлімшесі колоннасына шабуыл жасады. Шабуыл сал­дарынан кем дегенде жеті адам опат болды. «Рейтер» агент­ті­гінің хабарлауына қа­ра­ғанда, бүлікшілер сондай-ақ үкімет­тік танкті қиратқан. Елде текетірес басталғалы екі жақтан мыңдаған адам көз жұмды. Берлин полициясы жүзден астам мәшинені өртеп жіберді деп күдікке алынған адамды ұс­тады. 27 жастағы неміс аста­насының тұрғыны бұл әрекетке ақша жетпегендіктен депрес­сия­ға ұшырап барғандығын мой­ындаған. Ол мамандығы бойынша кәсіби сылақшы екен. Эстонияның мемлекеттік прокуратурасы осы елдің аза­маты Михаил Горшковқа қа­тысты тергеу жұмыстарын тоқ­татты. Оған Екінші дү­ние­жүзілік соғыс кезінде 3 мың еврейді өлтіруге қатысы бар деген айып тағылған бо­латын. Қыл­мыстық істің жа­былу себебі, ықтимал қыл­мыс­кердің нақты кім екені анықталмаған. Ресей Федерациясына қа­расты Карелия автономия­сында екі полиция қызметкеріне қа­тысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға Суоярви қаласындағы шіркеудің күзетшісін соққыға жықты деген айып тағылған. Мас тәртіп сақшылары күзет­ші­ні аяқтарымен де, қолдарымен де аямай төмпештесе керек. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде әзірленді.