26 Қазан, 2011

Кеңестің кезекті отырысы өтті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім­ші­лігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес отырысында «Дербес деректер туралы» заң жобасы қа­ралды. Одан басқа, кеңесте жо­ға­ры білікті заңгер кадрларын дай­ын­дау және заңгерлік білім жүйе­сін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы мәселелер талқыланды. Аталған мәселелер бойынша Ішкі істер, сондай-ақ Білім және ғылым министрліктерінің ақпа­ра­ты тыңдалды. Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсы­нымдары Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамасын және құ­қық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.