26 Қазан, 2011

Түсіністік меморандумына қол қойылды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Сеул қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов пен Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының төрағасы Ким Нунг-Хван Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясы арасындағы Сайлауды әкімшіліктендіру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға  қол қою екі ел­дің сайлау органдары арасын­дағы ынтымақтастықты одан әрі да­мыту жолындағы маңызды қа­дам болып табылады. Құжаттың негізгі мақсаты – сайлауларды ұйымдастыру саласында өзара ынтымақтастық орнату, сондай-ақ ақпараттармен, технологиялармен және тәжірибемен алмасу үшін жағдай жасау. Оның сыр­тында, тараптардың пікірі бой­ынша, ынтымақтастықтың жаңа пішіні Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының ор­тақ демократиялық игілігі болып табылатын идеалдар мен ұста­ным­дардың жүзеге асырылуы мен қорғалуын мейлінше тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады. Қазақстан Республикасы Ор­та­лық сайлау комиссиясы деле­га­циясының сапары кореялық тарап ұйымдастыратын екі маңызды ха­лықаралық шараның: Азия сайлау органдары ассоциациясы Бас ас­самблеясы мен Дүниежүзілік сай­лау органдары ассоциациясын құ­ру бойынша форум қарсаңында өтті. «Егемен-ақпарат».