Бұл мәселені Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Ержан Ерсайынов, «Дара» қорының президенті Мәдина Бакиева, «Бала отбасында өмір сүруі тиіс» ЖҚ жетекшісі Шолпан Байболова, психолог және бала асырап алушы Елена Гендриксон, бала асырап алушы Марат Қабылбаев талқылады.
«Бұл еліміз бойынша жалпы бала санының 0,5 пайызын құрайды. Оның ішінде 21 мың бала қазақстандық азаматтардың қамқорлығымен асырап алынса, 6 мыңнан астамы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 140 мекемеде тәрбиеленіп жатыр» деді Ержан Ерсайынов.
Сонымен қатар ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын қысқартудың оң өзгерістері байқалатынын баяндады.
«Мәселен, 2014 жылы олардың саны 6 мыңнан асса, 2017 жылдың басында бұл көрсеткіш 2 мыңға азайған. Соңғы екі жылдың ішінде жетім балаларға арналған мекемелердің саны 48-ге қысқарды (188-ден 140 дейін). Және де 4 мыңнан астам балалар үйінің тәрбиеленушілері асырап алынды, 1145 бала қамқорлыққа алынды және 1862 бала өз туған ата-анасына қайтарылуының арқасында отбасын тапты. Сонымен қатар, соңғы 10 жылда аталмыш мекемелердің тәрбиеленушілерінің жалпы контингенті 10000 балаға (2007 жылғы 1 746-дан 2017 жылы 7236-ға дейін) азайды. Жыл сайын елімізде 900-ден астам ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылады, 3 мыңнан астам бүлдіршін балалар үйіне түседі, 6 мыңға жуық бала бейімделу орталықтарына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 40 пайызы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму орталықтарына орналастырылады. Асырап алудан бас тартқаннан кейін баланың балалар үйіне қайта оралуы сияқты жағдайлар да жиі орын алады», деді Ержан Ерсайынов.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».