Қазақстан • 12 Қазан, 2017

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы туралы пікір

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу туралы мәселе қызу талқыланып жатқандығын бәріміз де білеміз.

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы туралы пікір

Әйкенмен бастапқы кездегі ұсынған әліпбидің диграфына көңілім толмаған болатын. Бұл жолы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын көре отырып, көңілім жай тапқан­дай болып тұр. Бұл нұсқа терең зерделеніп ұсынылған екен. Осы бір айтулы іс-шараға атсалысып жүрген қоғам қайраткерлері мен жалпы ғылыми қауымға өз тарапымнан ризашылық білдіремін. Қай кезде де тіл мен жазу әр елдің болашағы екендігі баршаға мәлім. Төл сөздерімізді диграфсыз жазу жеңіл және ыңғайлы деп есептеймін. Сондай-ақ, келешек ұрпақтарымызға балабақшадан бастап оқып-жазуға осы бір нұсқа қолайлы сияқты болып көрінеді маған. Ендігісі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, осы нұсқаны қабылдасақ нұр үстіне нұр болар еді. 

Ерсайын Оспанов,
зейнеткер ұстаз

Солтүстік Қазақстан облысы