Фото: Ерлан Омар, «Егемен Қазақстан»
Андраш Барани мырза өз кезегінде этнограф ғалым Михай Хоппалдың денсаулық жағдайына байланысты бүгінгі көрменің ашылу салтанатына келе алмағанын жеткізді. Елші Венгрия президентінің өзіне маңызды міндет жүктегенін айта келіп, мемлекеттік марапат туралы президент қаулысын оқып берді.
Марапаттау рәсімі академияда Мажарстан елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған мажар этнографы, профессор Михай Хоппалдың зерттеуі бойынша әзірленген «Шамандар мен жора-рәсімдер» атты фотокөрме аясында болды.
Естеріңізге сала кетейік, Венгрияның ең жоғары мемлекеттік марапаты Дархан Қыдырәліге Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ танымал түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің құнды еңбегін сақтауға қосқан үлесі үшін Мажарстан Премьер-министрінің ұсынуымен биылғы тамыз айында тағайындалған еді.
Ая Өміртай,
«Егемен Қазақстан»