Қазақстан • 12 Қазан, 2017

Балқадишаға ескерткіш орнатылды

1673 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақан серінің «Балқадиша» әнін білмейтін жан кемде-кем шығар. Жан дүниеңді тербететін осы бір ән әлі күнге дейін шырқалып келеді. Тіпті оның эстрадамен орындалуы да өзіндік бір әсер қалдырады. Бұл орайда Балқадишаға арнап ескерткіш ашылғандығын да қаперге сала кетуді жөн көрдік. 

Балқадишаға ескерткіш орнатылды

Жалпы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Ту­ған жер» арнайы жобасы ая­сында өңіріміздегі ең таны­мал тарихи ес­керткіштерді жазып-жариялау се­риясын жалғас­тырып келеді. Аты аңызға айнала бастаған Бал­қадишаға орнатылған ескерткіш туралы жан-жақты ақпарат беруі көпшілік сұранысынан туында­са керек. Балқадиша Ыбы­райқызы Ақмола облысы, Зеренді ауданы Кең­өткел елді мекенінің тумасы екен.

 Айтулы аруға орнатылған мүсіннің ашылу салтанатына Зеренді ауданының белгілі азаматтары, көпшілік қауым қа­тыс­ты. Ондағы басты айтылған ой – ескерткіш өскелең ұрпаққа мұ­ра болып қалатындығы. Жалпы ес­керт­­кіштің биіктігі 4,2 метр болса, салмағы 6 тонна тарта­ды. Аталған жобаның авторы – Қа­зақ­стан Республикасы Су­ретшілер ода­ғының мүшесі Юрий Попов.

Реті келгенде Балқадиша әнін 1925 жылы Әміре Қа­шау­баев сонау Париж қала­сында өткен дүниежүзілік фес­тивальде шыр­қап, жүлделі орын алғаны мә­лім. Осылайша атақты әннің кейіпкеріне айналған Балқа­ди­шаға арнап орнатылған мүсін арқылы қазақ қыздарына құр­мет көр­сетіліп қана қоймай, оның сұлулығы арқылы, ақылы мен парасаттылығын дәріптеу жолымен үлгі боларлық нақыш­та тәрбие жұмыстарын жүр­гізу көзделген. Адамның ішкі жан дү­ние­сі­нің сұлулығы сыртқы кел­бе­тінде тұратындығын ес­кер­сек, ескерткіш арқылы талай қыз­дарымыз өздерінің бойын­да жақ­сы қасиеттерді қалып­­тас­ты­руға ұмтылары хақ.

 

 Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

 

 Ақмола облысы