Қазақстан • 13 Қазан, 2017

Нығматулин РФ Мемлекеттік Дума төрағасымен кездесті

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербургтегі 137-ші Парламентаралық Одақ Ассамблеясына қатысу аясында Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володинмен парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. 

Нығматулин РФ Мемлекеттік Дума төрағасымен кездесті

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың сипаты, екі ел президенттерінің стратегиялық серіктестігінің айғағы екендігін атап өтті.

Сонымен қоса Н.Нығматулин мен В.Володин мемлекет басшыларының келісімдерін қазақстандық және ресейлік депутаттардың заңнамалық қолдауының маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, екіжақты қатынастар және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды. Еуразия елдері спикерлерінің отырысы, Мәжіліс пен Мемлекеттік Думаның бейінді комитеттері мүшелерінің бірлескен кездесуі және ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық комиссия сияқты маңызды алаңдарға назар аударылды.