Қазақстан • 13 Қазан, 2017

Дайындық тиянақты жүргізілуі тиіс

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күндері елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Өз басым Мемлекет басшысының бұл бастамасын өте орынды әрі дұрыс деп санаймын. 

Дайындық тиянақты жүргізілуі тиіс

Ал енді Елбасының қатысуымен әліпбидің соңғы нұсқасын талқылағанда елдің, халықтың пікірі орынды ескерілгендігін көрдік. Өйткені алғашқы таныстырылған нұсқа мен соңғы ұсынылған үлгіге қарап, көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені байқалды. Әсіресе соңғы үлгіде әлемде кеңінен қолданыста жүрген нұсқаға жақындығы аңғарылады десек те болады.

Жалпы, латын таңбасына көшуіміз бізді және біздің болашағымызды әлемдік деңгейдегі өркениетке бір қадам болса да жақындата түседі. Сонымен қатар дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қандастарымыздың өзара түсінісуіне едәуір оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Сондықтан да біздің қазіргі қамдануымыз өте-мөте мұқият әрі тиянақты жүргізілуі тиіс.

 

Ерболат МҰҚАЕВ,
Сенат депутаты