Қазақстан • 13 Қазан, 2017

Іске кірісу керек

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Күні кеше ғана латын әліпбиінің соңғы нұсқасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырғаны баршамызға аян. Содан бері елдің қызу талқысына түсіп, әркім өз ойларын ортаға салып жатыр. Осыған орай мен де пікірімді білдіруді жөн деп таптым.

Іске кірісу керек

Мәңгілік Елге айналу үшін алдымен тіліміз, дініміз, діліміз мықты болуы керек. Сондықтан Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісіп кеттік. Соның бірі латын әліпбиіне көшу туралы. Нұрсұлтан Әбішұлы: «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз.

Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет», деп нақты тапсырма берген болатын.

Сол себепті тарихымызды түгендеп, өркениетті өрлетіп, әлемдік аренадағы беделімізді әрмен қарай арттыру үшін әліпби ауыстыруымыз тарихи оқиға болмақ. Соңғы ұсынылған нұсқа көңілімнен шықты. Екі әріптің қосылуынсыз, дәйекшесі мен ноқаты да аз, үйренуге де жеңіл. Өзгелер де жылдам игеріп кететіне сенімдімін.

 

Жамал БАЙМАДИЕВА,

«Аналар кеңесінің» төрайымы,
қалалық мәслихат депутаты

Алматы облыстық

Соңғы жаңалықтар