Осыдан үш апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік әнұранның орындалуы кезінде тізерлеген америкалық футбол ойыншыларын қатаң сынға алып үлкен бір дау бастаған болатын. Президентке қарсылық ретінде тізерлеушілер саны арта түсіп, екі жақтың бірін-бірі айыптауы көбейе түсті. Табиғи апаттар мен Лас- Вегастағы атыс бұл дауды ұмыттырғандай болған еді, бірақ бұрнағы күні Трамп мырза Ұлттық фубол лигасына (NFL) шүйлігуін қайта бастады. Дәл осы арада NFL комиссары Гуделлдің елдегі 32 футбол клубының басшыларына Трамптың талабын орындау жөніндегі құпия хаты интернетті шарлап кетті. Осылайша Трамп пен NFL арасындағы дау NFL мен жанкүйерлердің дауына айналу қаупі пайда болды. Трамп жақтастары мен кейбір сарапшылар мұны «саяси жеңіс» деп бағалауда. Бір қарағанда болмашы талас-тартыс болып көрінген бұл оқиға не себептен бүкілхалықтық тақырыпқа айнала кетті? Трамп мырза бұл арқылы нені көздеді? Арнайы жасалған амал деп айта аламыз ба? Осы түйінді тарқатып көрелік.

Алабама штатында Лютер Стрейнджді қолдауға арналған іс-шарада Дональд Трамп сөз сөйлеуде Сурет: Bynn Anderson/AP
Соңғы жылдары америкалық футболдың кейбір ойыншылары матч алдындағы мемлекеттік әнұранның орындалуы кезінде тізерлеу арқылы АҚШ-тағы нәсілдік және құқықтық әділетсіздікке деген қарсылықтарын білдіретін болған. Сол футболшылар үш апта бұрын президент Трамптың нысанасына ілікті. Сенаторлыққа үміткер республикалық Лютер Стрейнджді қолдауға арналған іс-шарада Трамп «патриоттық сезімнен жұрдай» фуболшыларды «иттің балалары» деп атап, қоғамдық резонанс тудырды. Одан кейін бес күн қатарынан спортшыларды сынап-мінеу Трамптың сүйікті әлеуметтік желісі – твиттерде жалғасты. Кеше сол шабуыл қайта жанданды.
Қыркүйектің соңындағы твиттерінің бірінде Трамп мырза «NFL мемлекеттік әнұран ойнағанда барлық ойыншыларды тік тұрып құрмет көрсетуге міндеттейтін ереже қабылдау керек», деген ойын білдірді. Үш күннен соң «Даллас ковбойлары» (The Dallas Cowboys) мен «Аризона кардиналдары» (The Arizona Cardinals) арасындағы ойында техастық ойыншылар әнұран басталғанға дейін тізерлеп тұрып, мемлекеттік гимн қосылғанда түрегеліп, қолтықтасып тұрып тыңдады. Осы бір сәтті Трамп кезекті твитінде «үлкен прогресс» деп атады. Кешегі NFL комиссары Гуделлдің хаты да Трамптың ұпайын түгелдегендей болды. Алайда демократтар мен республикалықтар, медиа белсенділері және спортшылар мен жанкүйерлер бұл тартысқа сан түрлі баға беруде. Біреулері Трамптың патриотизмге шақырған қадамын қолдап жатса, екіншілері АҚШ президентінің елді біріктірудің орнына іріткі салып, халықты өзара жауластыруда деп айыптауда.
The Dallas Cowboys ойыншылары The Arizona Cardinals командасына қарсы ойын алдында әнұран басталғанға дейін тізе бүгіп отыруда. Сурет: Matt York/AP
«Аңдамай твит жазған...»
Америкалық футбол АҚШ азаматтары үшін қатардағы бұқаралық спорт түрі емес. Ол – америкалық мәдениеттің айнымас бөлшегі. Ол – америкалық отбасы құндылықтарының бір элементі. Одан қалса, соңғы жылдары америкалық футбол кейбір спортшылар үшін саяси қарсылықты білдірудің тиімді тәсіліне айналып келеді. Бұл әдіске көбіне қара нәсілді футболшылар жиі жүгінеді. Олар осы арқылы жұртшылық назарын елдегі әлеуметтік, нәсілдік және құқықтық әділетсіздік мәселелеріне аударуға тырысуда. Бұл –футболшылардың конституциялық құқығы. Яғни, олар саяси қарсылықты түрлі бейбіт формада білдіруге кепіл беретін АҚШ Конституциясындағы бірінші толықтыруды пайдалануда. Десе де, бұл әрекетті футбол жанкүйерлері мен америкалықтар өз құндылықтарына сүйеніп түрлі бағалап келеді.
Соңғы үш аптада президент Трамптың арқасында саяси қарсылықтың бұл түрі жаңаша сипат пен мазмұнға ие бола бастады. АҚШ президенті клуб иелеріне, NFL басшыларына және миллиондаған жанкүйерге футболшылардың әрекетін мүлдем мақұлдамайтынын білдіру арқылы америкалық футбол қауымын өзіне қарсы бірігуге итермеледі. Мәселен, егер Трамп шүйліккенге дейінгі апталарда ойын алдында әнұран ойнаған кезде 5-6 ойыншы ғана тізе бүксе, Твиттердегі шабуылдардан кейін «патриотизмге жат» тәсілге 200-ге жуық футболшы жүгінген. Трамптың әрекетін айыптаушылардың қатарында президентті жеке танитын New England Patriots командасының белді ойыншысы Том Брэди де бар. Сонымен қатар, 100-ден астам футбол жаттықтырушылары да өз шәкірттерінің саяси қарсылық көрсетуін қолдаған.
Дегенмен, Гудуеллдің кешегі хаты Трамп пен оның жақтастарына «саяси жеңіс» ауылын жақындатқандайт әсер қалдырды. Америкалық футбол бизнесмен Трамп президент атанғанға дейін АҚШ-та миллиондардың сүйікті ойыны болған және ол биліктен кеткеннен кейін де америкалықтарды біріктіруші ойындардың бірі болып қала бермек. Соған қарамастан Трамп өз қолдаушыларының тамырын футболшыларды «патриотизмге шақыру» арқылы басып көруді көздесе керек-ті.
«Қара нәсілді» футбол
The 49ers командасының ойыншылары Эрик Рейд пен Колин Каперник The Chargers командасына қарсы ойын алдында АҚШ әнұраны ойнап жатқан кезде тізе бүгіп отыр. 1 қыркүйек, 2016 ж. Сан Диего, Калифорния. Сурет: Michael Zagaris/Getty Images
Әлі күнге дейін АҚШ-та нәсілдік теңсіздік өз маңыздылығын жоғалтпай келеді. Нәсілдік мәселе спортты да айналып өткен емес. Ойыншыларының 70 пайызы афро-америкалықтардан тұратын америкалық футболды қара нәсілділер ойыны десе де болады. Әнұранды тізе бүгіп тұрып тыңдау саяси қарсылықтың тәсілі ретінде 2016 жылы Сан-Францисконың «The 49ers» командасының қара нәсілді қорғаушысы Колин Каперниктен бастау алған. Осы уақытқа дейін қарсылығын тізе бүгу арқылы білдіріп келе жатқан спортшылардың басым көпшілігі де афро-америкалық футболшылар. Оның үстіне қара нәсілдерге қатысты құқықтық әділеттілікті көздейтін «Black Lives Matter» қозғалысының өз іс-қимылдарын Каперник секілді танымал футболшылармен байланыстыруы бұл саяси қарсылық формасын АҚШ қоғамында афро-америкалықтардың тәсілі ретінде бағалайтын ойды қалыптастырып келеді.
Осы орайда, елде нәсілшілдікпен күрес туралы тартыс қызып тұрғанда әрбір твиті қоғамдық дау тудыратын Трамптың қара нәсілді футболшыларға сын боратуын кездейсоқ деуге келмейді. Яғни, спортшыларға тиісу – нәсілге қатысты мәселелерді қозғайтынын есепке алып жасалған қадам.
«Аш бала тоқ баламен ойнайды»
The 49ers пен The Chargers командалары арасындағы ойын кезінде Колин Каперникктің әнұран кезінде тізе бүгуін айыптайтын қағаз ұстаған сан-францисколық команданың фанаты. 1 қыркүйек, 2016 ж. Сан Диего, Калифорния. Сурет: Orlando Ramirez-USA TODAY Sports
Америкалық футбол ойыншыларының миллиондап табыс табатыны ешкімге жасырын емес. Табысы қанша жоғары болса да футболшылардың өзге америкалықтар секілді заң аясында саяси наразылығын білдіруге құқықтары бар. Дегенмен, олардың АҚШ әнұраны ойнағанда тізе бүгу арқылы әділетсіздіктерге қарсылық білдіруін ұнатпаушылардың арасында «еріккен қара нәсілді байлардың іс-әрекеті» деген ой басым. Осы тұста Трамп қара нәсілді бай америкалық ойыншылардан «әнұранға құрмет көрсетуді талап ету» тактикасын өз жақтастары мен қарсыластарының арасында «біз» және «олар» деп бөлінуді өршітуге өте тиімді қолданды десе болады.
Трамптың өзі миллиардер екендігіне қарамастан, 2016 жылғы президенттік сайлауда елдегі бар проблемаға «Вашингтондағы жемқорлыққа белшесінен батқан саясаткерлерді» кінәлау арқылы кедей сайлаушылардың қолдауына ие болғанын естен шығармауымыз керек. Түрлі әлеуметтік сауалнамалар көрсеткендей, жоғары білімі жоқ және әлеуметтік жағдайы төмен сайлаушылардың Трампқа деген көңілдері әлі суи қоймаған. Сондықтан да, Трамптың электораты алдында Вашингтондағы саяси истеблишментке еш қатысы жоқ құтқарушы образын күшейту үшін дайын нысананы (бай NFL ойыншыларын) көздеуі бекер емес. Яғни, Трамп елдегі ең бай спорт лигасы мен бақуатты футболшылардың қарапайым халықтың өмірінен бейхабар және олардың ел астанасында бұрыннан жүрген саясаткерлерден еш айырмашылығы жоқ деп көрсетіп, тағы бір ерекшеленгісі келді.
«Ақ үйден аулақ..!»
Прездент Трамп Ақ Үйдегі жұмыс кабинетінде телефонмен сөйлесіп отырып, бас бармағын жоғары көтеруде. Сурет: Mandel Ngan/AFP/Getty Images
Осы уақытқа дейін Трамп әкімшілігі мен Конгрестің екі палатасында да басымдыққа ие республикалықтар айтарлықтай заңнамалық жеңіске қол жеткізе алмады. Мәселен, олар соңғы жеті жыл бойы «Обамакэйрді» билікке қол жеткізген күні алып тастаймыз деген уәделерін өзара келісімге келе алмай, әлі орындаған жоқ. Одан қалса бизнес пен азаматтарға үлкен салықтық жеңілдіктерді көздейтін салық реформасының жақын арада іске асуы екіталай. Кешегі шабуылында Трамп мырзаның бір твитін NFL пайдаланып келген салықтық жеңілдіктермен байланыстыруы бекер емес. Яғни, бұл жерде Конгрессте «салық реформасы» мәселелері бойынша өзара қырықпышақ болып жатқан республикалықтарды көпшілік назарынан тасалау, әрі дәл қазір Трамптың жалғыз үміті болып тұрған заң жобасына қолдауды күшейту көзделуі мүмкін.
Оған өткен апталардағы Кремльдің АҚШ-тағы 2016 жылғы президенттік сайлауға араласуы бойынша жүріп жатқан зерттеудің күшеюін, президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер мен қызы Иванка Трамптың Ақ үйдегі қызметтерінде жеке электронды поштасын қолданғаны туралы ақпараттың көпшілік назарына ілігуін, Лас-Вегастағы қанды шабуылдың қаруды бақылауды күшейту туралы бүкілхалықтық пікірталасты қосыңыз. Басқаша айтқанда, дәл қазір сайлауалды уәделерін орындамаған және жаңа проблемаларға тап болған Трамп үшін медиа мен халық назарын аулау үшін Твиттерге жүгінуден басқа тиімді жол болмай тұр.
Осылайша, Трамптың үнемі халық назарындағы NFL мен оның ойыншыларына шүйлігуі медиа мен халыққа «Ақ Үйдің ауласынан ары ойнаңдар» дегенге саяды. Ол мақсатына Ақ үй иесі үш апта бұрынғы бірінші шабуылында толықтай жетті деуге болады. Мәселен, 24 қыркүйек күні Трамптың футболшыларға шабуылы Нью-Йорк Таймс және Вашингтон пост секілді белді басылымдардың және CNN, CBS және NBC секілді телеарналардың басты тақырыбына айналды.
Отпен ойнау...
Саяси және мемлекеттік қызметте тәжірибесі мардымсыз болғанымен, Трамп мырза көпшіліктің психологиясын өте жақсы түсінеді. Оған қоса, АҚШ президенті әкімшілігі жетекшілігіне генерал Келли келгелі бері Трамп командасының тәжірибесіздігінен туындайтын қателіктер біршама азайды. Егер Трамп әкімшілігі мен Конгрестегі республикалықтардың саяси ұпай жинаудағы сәтсіздіктерін есепке алсақ, бұқараның көңілін басқа дүниелерге аударуда бұл шүйлігу сәтті шықты. Дегенмен, NFL-ді нысанаға алудың ұзақ мерзімді салдарын Трамптың саяси коммуникация бойынша кеңесшілері маңызды деп санамаған тәрізді.
Америкалық футболдың «Super bowl» аталатын биылғы финалдық ойынын тікелей эфирде 111,3 млн астам адам тамашалады. Футболдың халықты біріктіруші рөлі әр маусым сайын артып келеді. Трамп NFL ойыншыларымен ерегісемін деп өзін жылдар бойы елді біріктіріп, америкалық құндылықтарды насихаттап отырған «Америкалық футбол» атты идеологиялық құралға қарсы қоюда. Саяси коммуникация тұрғысынан АҚШ президентінің бұл тактикасы күндердің күнінде өзіне қарсы ойнауы әбден мүмкін.
Шалқар НҰРСЕЙІТ,
«Егемен Қазақстан»
Мағзұм Мырзағалиев: Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе
Экология • Бүгін, 17:09
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:02
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары бақилық болды
Әлем • Бүгін, 17:01
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қоғам • Бүгін, 16:48
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Жұмысынан айырылған 48 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Елімізде нотариалдық құжаттар QR кодпен берілетін болады
Қоғам • Бүгін, 16:30
Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?
Спорт • Бүгін, 16:17
Петропавлда мас жүргінші әскери жасаққа шабуыл жасады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Ауа райы • Бүгін, 15:48
Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Қазақстандық таеквондошы Испанияда жүлде алды
Спорт • Бүгін, 15:40
Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылуда
Қоғам • Бүгін, 15:39
Алексей Цой: Коронавируспен ауырғандар саны күн санап азайып келеді
Медицина • Бүгін, 15:37
Коронавируспен күреске 265 млрд теңге бөлінеді
• Бүгін, 15:31
Атырауда жоғалған 4 жасөспірім табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Коронавирус • Бүгін, 15:06
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді
• Бүгін, 15:00
Асхат Аймағамбетов біліктілікті арттыру бағдарламаларын жаңартуды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:55
Санкт-Петербургте бокстан халықаралық турнир басталды
Спорт • Бүгін, 14:35
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Бағдарламалар • Бүгін, 14:20
Футболдан ҚПЛ ойындарының алтыншы туры аяқталды
Спорт • Бүгін, 13:57
Нотариаттық құпия ұғымы анықталды
Үкімет • Бүгін, 13:36
Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:18
Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жиі орын алуда
Аймақтар • Бүгін, 13:03
PhD дәрежесін қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілді
Білім • Бүгін, 12:57
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 12:47
Қарағандыда 9 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер сотталды
• Бүгін, 12:42
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Коронавирус • Бүгін, 12:37
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:35
SpaceX Қазақстанды интернетпен қамтамасыз етуі мүмкін
Технология • Бүгін, 12:28
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Үстел теннисінен биылғы әлем чемпионаты өтетін уақыт белгілі болды
Теннис • Бүгін, 12:15
Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
Елорда • Бүгін, 11:57
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Өскемен, Семей, Аягөз қызыл аймақта
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Жамбыл облысы әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Семейде жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша әкімшілік кодекстегі жаңалықтар түсіндірілді
ANTIKOR • Бүгін, 11:35
ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды
Қоғам • Бүгін, 11:31
Нұр-Сұлтанда жеке тұрғын үйден өрт шықты
• Бүгін, 11:29
«Хан моласы» қазба орнында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр
Руханият • Бүгін, 11:07
Алдағы 5 жылда 315 ауыл мектебі салынады – Мамин
Үкімет • Бүгін, 11:05
Биыл ел экономикасының өсу болжамы 3,1%-ға дейін жақсарды
Экономика • Бүгін, 10:56
Мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар көбейді
• Бүгін, 10:54
Қоғам • Бүгін, 10:45
3,5 мың ауыл 100% сапалы ауыз сумен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Тоқаевтың тапсырмасымен төрт шенеунік қызметінен кетті
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Мамин халықты вакцинамен қамтуды кеңейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:22
Еліміздің 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:11
20 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
733 980 қазақстандық вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:58
Қостанай облысында балықтар қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:42
Коронавирус. Елімізде 39 мыңдай адам емделуде
Коронавирус • Бүгін, 09:41
Ақсуда балаларын сабаған тұрғын заң алдында жауап беретін болды
Қоғам • Бүгін, 09:20
Алматыда қандай көшелер Үлкен Алматы айналма жолына дейін өтеді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Коронавирус пен пневмониядан тағы 33 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Таразда жүргізуші куәлігін сатқан алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 2 084 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 08:59
Саясат • Бүгін, 08:52
Технология • Бүгін, 08:43
«Құрметті азамат» атануыма көмектесші...»
Руханият • Бүгін, 08:38
Экономика • Бүгін, 08:32
Теріскейде дала жұмыстары басталды
Экономика • Бүгін, 08:26
Азия чемпионатын табысты бастады
Ауыр атлетика • Бүгін, 08:24
COVID-19: Планетадағы жағдай тұрақсыз
Әлем • Бүгін, 08:16
Ресей Халықаралық ғарыш стансасынан шығады
Әлем • Бүгін, 08:14
Әлем • Бүгін, 08:12
Руханият • Бүгін, 08:01
Ұқсас жаңалықтар