Қазақстан • 14 Қазан, 2017

13 күн ішінде «Сергек» камерасы 3435 құқық бұзушылықты анықтады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оның ішінде мыңға жуығы жол қозғалысы ережелеріне қатысты бұзылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

13 күн ішінде «Сергек» камерасы 3435 құқық бұзушылықты анықтады

Астанада қазан айынан бастап «Сергек» бейнебақылау жүйесі камерасының көмегімен 3435 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Оның ішінде 1 мыңға жуығы жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі, 345-і қоғамдық орындарда киілігіп тиісу, 299 - қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішкен, жүзге жуығы кішігірім бұзақылық, 1720 – басқа құқық бұзушылықтар.

«Айдың басында бейнебақылау камерасының көмегімен «Рамстор» супермаркетінің маңайындағы көпірдің аркасына үш жігіттің бұзақылық әрекетпен шықпақ болғанын байқадық. Полицейлер кәмелет жасына толмаған (13 жасар) үшеуді анықтап, жасөспірімдермен сөйлесу үшін оларды «Сарыарқа» аудандық ІІБ жеткізді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - дейді полициядағылар.

Бұдан басқа, ІІД басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасының көмегімен 24 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, Оның ішінде бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау оқиғалары тіркелген.