Аймақтар • 14 Қазан, 2017

Түркістанда Мағжанның ескерткіші ашылды

914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында қазақтың даңғайыр ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткіші ашылды.

Түркістанда Мағжанның ескерткіші ашылды

Қалада Мағжан Жұмабаев атымен аталатын №15 мектеп-гимназиясы бар. Алаштың қаһарман азаматы, ел тәуелсіздігі үшін отты жырын арнап, сол жолда қасықтай қанында қиған өр ақынның асқақтаған ескерткіші сол мектептің алдына орнатылған.

Ашылу салтанатына қала әкімі Әліпбек Өсербаев мен әдебиет сыншысы, профессор Құлбек Ергөбек, мағжантанушы-жазушы Жарасбай Сүлейменов пен заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев, Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Еліміздің өскелең ұрпағын өршіл рухты өлеңдермен қолтығынан демеген Мағжан ақынның мүсінінін авторы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, профессор Азат Баярлин болса, бас демеушісі «Оңтүстік Жарық» мекемесінің президенті Нәби Айтжанов.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.