Атырау мұнай өңдеу зауытынан жүк ағынын қала аумағынан тыс жерге шығаруға мүмкіндік беретін жоба экологиялық, өндірістік қауіптерді сейілтеді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
«РТИ-АНПЗ» ЖШС жобасы көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асқан, зауыт жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
Компания "Теңдік" станциясын қайта жаңғыртудан өткізді, темір жол, вокзал ғимараты, инженерлік коммуникация жаңартылды, аумақ абаттандырылды.
- Бір кездері цистерналарды буландыру, құю, төгу жұмыстары қала аумағында жасалды. Қазір осы станцияның арқасында бұл жұмыстар қаладан 8 шақырым жерде жүргізіледі. Бұл АМӨЗ-дің қоршаған ортаға əсерін азайтып, қаладағы ауаның тазалығын жақсартады, деді нысанның салтанатты ашылуына қатысқан облыс əкімі Нұрлан Ноғаев.
Жоба аясында 367 жаңа жұмыс орыны құрылды.