15 Қазан, 2017

ШҚО-да кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан бизнесмендері бұдан былай «бір терезе» арқылы құзырлы орган өкілдерінен ең қажетті қызмет түрлерін тікелей ала алады. 

ШҚО-да кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды

Аймақ басшысы толық форматтағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен арнайы танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі Даниал Аxметовтың тапсырмасы бойынша кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры негізінде құрылған орталықта 8 түрлі сервистік қызмет көрсетіледі. Ең бастысы, мұнда барлық салалық және мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Олар енді мәселені шұғыл шешіп қана қоймай, рұқсат және теxникалық құжаттарды беру ісімен де айналысады. Сондай-ақ, «Бизнес мектебі» мен «Кезекші прокурор» да жұмыс істейді.

«Бизнеске қажеттінің бәрін бір жерге шоғырландырдық. Мұнда жер қатынастары комитетінің өкілдері, су, жылу, кәріз жүйесі, электр энергиясы сияқты инфрақұрылым қызметі өкілдері де жұмыс істейді. Кеден департаменті де бар. Бір күннен кейін салық, әділет басқармалары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығының мамандары да болады. Ары-бері жүрмей, осы жерден  мәселесін шешіп, сұрақтарына жауап алуға барлық жағдай жасалды», - дейді Д.Ахметов.

Кездесу барысында аймақтың коммуникациялары мен жер учаскелерінің интерактивті картасы көрсетілді. Алдағы уақытта дәл осындай орталық Семейде де ашылады. ШҚО кәсіпкерлер палатасы директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, оған қажетті ресурстар мен ғимарат дайын.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар