Қазақстан • 15 Қазан, 2017

«Үлкен дулығаға» қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-28 қазан күндері Әбу-Дабиде дзюдодан әлемдік «Үлкен дулыға» турнирі өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның дзюдо федерациясы.

«Үлкен дулығаға» қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Әлемнің 50 елінен 323 дзюдошысы тіркелген халықаралық додаға Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады.

Ерлер:

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

Елдос Жұмақанов (66 кг)

Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)

Бекәділ Шаймерденов (73 кг)

Ерасыл Сәкенұлы (73 кг)

Қажымұқан Өтеулиев (81 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Қыздар:

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

Назгүл Құбашева (63 кг)

Зере Бектасқызы (70 кг)