Қазақстан • 16 Қазан, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Бұл күнге маң-маң басып амандасқан,
Піріміз Ойсылқара әуел бастан.
Боздаған дауысынан Бозінгеннің,
Туды ғой талай күйлер, нелер дастан.
Көздері ботасының мөлдіреген,
Төресі төрт түліктің ол бір өлең.
Түйені сауып жатыр бір келіншек,
Басында шыт орамал желбіреген.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»