28 Қазан, 2011

Пәтер кілтін тапсырып, темір тұлпар мінгізді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Қырымбек Кө­шербаев бокстан Бакуде өткен әлем чемпионатының күміс жүл­дегері Әділбек Ния­зым­бетовті қабылдап, ерекше сый-құрмет көрсетті. Оның ата-анасы мен жат­тықтырушысы М.Жә­киевті де құттықтап, алғыс білдірді. Қазақстан құрама ко­ман­дасы үшін Олимпиялық ой­ын­дарға жолдаманы жеңіп алған Ә.Ния­зымбетов Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы мемлекеттік универ­ситеттің студенті. Ол осыған дейін де түрлі ха­лықаралық жа­рыстарға қа­тысып, бәрінде де жүлделі орындардан көрініп, жерлестерін қуанышқа кенелтіп жүрген талантты боксшы. Шеберліктің шыңына шық­­қан спортшыны жас­тарға үлгі ете білген облыс бас­шысы оған Ақтау қа­ласынан екі бөлмелі пәтер мен «Chevrolet Cruse» мар­калы жеңіл автокөліктің кілттерін салтанатты түрде тапсырды. Жоламан БОШАЛАҚ. Маңғыстау облысы.