– Матчтың қандай есеппен аяқталатынын білмеймін. Бірақ күпті көңіліміз өткен ойында қалды деп үміттенемін. Өз алаңымызда енді есе қайтару үшін барымызды саламыз.
– Соңғы кездері жанкүйерлеріңіз жиі сынға алып жүр...
– Бұл түсінікті ғой, олар командадан тек жақсы нәтиже күтеді. Бәріміздің 100% беріліп ойнағанымызды қалайды. Әрине, әр кездесуде жеңіске жету үшін біз де аянып қалмаймыз.
– Команда соңғы кездері көп гол жіберетін болып жүр. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
– Қорғаныста сақ ойнап, шабуылды нәтижелі аяқтау – команданың басты міндеті. Біз бірге қорғанып, бірге шабуылға шығамыз. Сондықтан бұл олқылығымызды тек бір позициядағы ойыншыларға жаба салу дұрыс емес.
– «Астананы» бұл кездесуде фаворит деп есептейсіз бе?
– Соңғы кездесуге қарап, екі команданың деңгейін салыстырсақ, онда бұл ойында «Астана» сөзсіз фаворит. Бірақ, жағдайды толыққанды өз қолымызға алып, жеңіске жеткіміз келеді. Біз бұл кеште жанкүйерлер күткен ойынды көрсете аламыз. «Вильярреалмен» болған кездесуде өзімізді құдды өз үйімізде ойнап жатқандай сезіндік. Ертең де жанкүйерлер барынша қолдау көрсетеді деген сенімдемін.
– Бапкеріңіз командада бірнеше ойыншының жарақат алып қалғанын айтты...
– Футболда бастысы футболшылардың бір-бірін түсініп ойнауы. Егер қатардан біреу шығып қалса, орнын толтыруымыз керек. Біздің міндетіміз бұл процесті неғұрлым тезірек аяқтау.
Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан» – Нетаниядан (Израиль)