Аймақтар • 03 Қараша, 2017

Шым­кент оқушыларына латын әрпіндегі жаңа әліппе таныстырылды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдіктің және ұстаздар­дың ұйытқы болуымен Шым­кент­тің оқушыларына қазақ тілінің латын әрпіндегі жаңа әліппесі таныстырылды.

 

 

Шым­кент оқушыларына латын әрпіндегі жаңа әліппе таныстырылды

Болашақ жаңа қалашық «Шымкент ситидің» аумағында өткен іс-шараға 2500-ден астам оқушы қатысты. Олар асфальт және мольбертке сурет салу кон­курсында сынға түсті. Бал­дырғандардың қатысуымен флешмоб өтті.

Анықтама үшін айта кете­йік, «Шымкент сити» жобасы 2015 жылы Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында таныстырылған болатын. Мұндағы жоба бойынша 427 гектар аумақта 70 мың тұр­ғынға шақталған қалашық са­­лынады. Қазір бұл шағын ау­­данда 7 жол мен 20 үйдің құ­­рылысы аяқталып қалды. Ал­­дағы уақытта мұнда көп қабатты 316 үй салынып, жалпы аудан 12 орамға бөлінеді деп жоспарланып отыр. Соны­мен қатар орта мектептер, ба­ла­­­бақшалар мен үлкен саябақ та салынады.

Балдырғандар жаңа әліпби таңбаларын қолдану арқылы мемлекеттік саясатқа осылайша өз үлестерін қосып жатыр. Латын әліпбиі арқылы өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін білдірді. 

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы