16-25 жас аралығында шығармашылық шеберлерінің өнерін елімізге белгілі мәдениет майталмандары, белді жоғары оқу орындарының профессорлары бағалайды
«Басты мақсат–жас буынның шығармашылық әлеуетін анықтау, ұлттық мәдениетті, музыкалық дәстүрді дамыту», дейді қазылар алқасының төрағасы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Байқоңыр Ижанов.
Ұлттық дельфий комитетінің директоры, жоба жетекшісі Құралай Түспекованың айтуынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өнерім– рухани қазынам» атауымен өтіп жатқан іс-шара фортепиано, театр, халық биі, фототосурет, киім дизайны, декоративті-қолданбалы өнер, тағы басқа 18 аталымдар қатарына есту қабылеті кеміс балалар үшін «Қоларбамен билеу» және «Ишара тілінде ән орындау» аталымдары кіргізілген. Әйгілі боксшы Серік Сәпиев ұлттық делфий ойындарының амбассадоры ретінде таңдалған.
Жеңімпаздар мен жүлдегердерге арнайы сертификаттар, жүлделер тапсырылып, марапат соңы гала-концертке ұласады.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.