Білім • 03 Қараша, 2017

Астанада әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттерге қаржы бөлінді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге 2017-2018 оқу жылында университеттің «Даму» қорынан арнайы стипендия тағайындалды. 

Астанада әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттерге қаржы бөлінді

Сонымен қатар,  университетте білім алып жүрген әлеуметтік жағынан аз қамтылған әр студентке қысқы киім алып беру мақсатында қаржылай көмек бөлінді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Бұл қаражат  университет жанынан арнайы құрылған «Даму» қорынан бөлініп отыр. «Даму» қорына келіп түскен қаражаттың барлығы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдығы аясында түлектеріміз қолдауымен жүзеге асырылып отырғанын айта кету орынды. Тағдырдың жазуымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, және әлеуметтік аз қамтылған студенттерімізді біз ешқашан ұмытпаймыз. Сондықтан біз оларға үнемі барынша қолдау көрсетіп отырмыз», дейді университет ректоры Ақылбек Қажығұлұлы.