02 Қараша, 2011

Қадағалау пәрмені арта түсті

305 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Прокурорлардың қадағалау қыз­метіндегі ең өзекті бағыттарының бірі – бизнеске әкімшілік қысым көр­­се­тудің формаларын анықтап, оның жолын кесу. Осыған орай кәсіп­кер­лік субъектілерінің құқық­тарын қам­тамасыз ету мәселесі Бас прокура­тураның айрықша бақы­ла­у­ын­да тұр. Ағымдағы жылы кәсіп­керлік туралы заңдарды бұзудың 6 мыңға жуық фактісі анықталып, прокурорлық ық­пал ету шаралары арқылы 4 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқық­та­ры қорғалды. Прокурорлардың келтірген наразы­лықтары бойынша кә­сіпкерлердің құқықтарына қатысты 350-ден астам заңсыз актілер жой­ылды және өзгертілді. Мәселен, Тараз қала­сы­ның прокуратурасы салық органы­ның 20-дан астам шаруа­шы­лық субъектінің банк шоттарындағы қар­жы операцияларын тоқтата тұру туралы заңсыз шешімдерінің күшін жойып, олардың кез-келген заңды кәсіпкерлік қызметте өз мүлігін еркін қолдану жөніндегі конститу­ция­лық құқықтарын қорғады. Бақылаушы құрылымдардың биз­неске заңсыз араласуының кең тара­ған әдісі – негізсіз тексерулерді жоспарлау болып табылады. Мы­салы, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік са­ни­тарлық-эпидемиологиялық қада­ға­­лау бас­қар­масы эпидемиология­лық маңызы елеусіз және жоспарлы тексеруден жы­лына бір рет қана өтуі тиіс 20-дан астам кәсіпкерлік субъектілерін тоқ­сан сайын тексеруді жоспарлаған. Прокуратура ша­раларымен аталған тексерулер жоспардан алып тасталды. Прокурорлар шағын және орта бизнес субъектілерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігін де назардан тыс қал­дырмайды. Бұрын хабарланға­нын­дай, республиканың барлық ау­ма­­ғын­да кәсіпкерлердің дабыл қа­ғуымен дереу келіп, тексерушінің заңсыз іс-әрекетінің жолын кесетін прокура­тураның жедел топтарының жұмысы ұйымдастырылған. Жыл басынан бас­тап осындай топтардың сенім телефонына 260-тан астам кәсіпкер хабарласып, 150 заңсыз тексеру жө­ніндегі мәлімет растал­ды. Сонымен қатар, осы жылдың сәуір айында енгізілген «Бизнес тірегі» жобасы да табысты жүзеге асырылды. Бұл жоба 6 ай ішінде 2,5 мыңнан астам кәсіп­керге қыз­мет көрсетті. Жалпы қада­ға­лау қыз­ме­тінің қорытындысы бой­ын­ша 800-ге жуық заңсыз тексеру ан­ық­талды, 2 мыңнан астам заңсыз тексеру актілерін тіркеуден бас тартылды. Прокуратура органдары азамат­тар­дың еңбек құқықтарын қорғау бойынша тұрақты түрде жұмыстар атқарады. Әдеттегідей, еңбекақы­ның дер кезінде және толығымен төле­н­у­ін қамтамасыз ету мәселе­сі­не де көңіл бөлінген. Үстіміздегі жылдың өткен тоғыз айында прокурорлар заң бұзушылықты жою ту­ралы бір жарым мыңнан астам ұсыныс пен ұйғарым енгізді, 700-ге жуық заңға түсінік берілді. Про­ку­рорлық ықпал ету шараларымен 146 мың жұмыс­шының жалақысы бойынша 8,1 миллиард теңге сома­сын­дағы берешек қайтарылды. Про­куратура органда­ры алға қой­ған міндеттерді сапалы әрі жедел орындау мақсатында жұ­мыс беруші ұйымдарға үшінші тұл­ға­лардан де­биторлық берешекті өндіріп алуға көмектеседі. Мысалы, «Қарақұ­дық­мұнай» серіктестігінің «Пасифико Дрилинг энд Майнинг» компания­сы алдындағы ақшалай мін­дет­те­ме­сін орындауын қамтама­сыз етті. Бұл шаралар өз кезегінде кейін­гі­сінің 180 қызметкеріне 48 миллион теңге жалақы бойынша берешегін төлеуге мүмкіндік берді. Азаматтарды еңбек құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі прокурорлардың ерекше бақылауында болады. Алматы қа­ла­сы Алатау ауданының проку­ратура­сы қозғаған қылмыстық іс бойынша «Vtorma Ecology Co» се­ріктестігінің директоры Р.Парманбеков жұмыс­шы­лардың жалақысын бірнеше мәр­те кешіктіргені үшін 500 айлық есептік көрсеткіш көле­мінде айыппұл тө­леу жазасын та­ғай­ындай отырып, жазалайды. Өт­кен кезеңде прокурорлар осы санат­та­ғы 17 қылмыстық іс қозғап, 2 мың­нан астам адам әкім­шілік және тәр­тіптік жауапкершілікке тартылды. Бас прокуратура басқа құқық қорғау және өкілетті органдармен бірлесе отырып, заңнамамен тый­ым салынған ақпаратты тарату фактілерін анықтау және алдын алу мақса­тында интернет кеңістігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыра­ды. Бүгінгі таңда экстре­мизм­ге ша­қы­ратын, сондай-ақ террористік актілерді жасауды қолдайтын материалдар жарияланған 400-ге жуық сайт­тар анықталды. Астана қаласы­ның прокуроры мен Бай­ланыс және ақ­парат министрлігінің талап-арыз­да­ры бойынша астана­лық аудандық сот­тар осындай 151 сайттың өнімін заң­сыз деп тану және Қазақстан Рес­публикасы ау­ма­ғында таратуды тоқ­тату туралы шешімдер шығар­ды. Прокура­тура­ның 215 сайтқа 14 та­лап-арызы жә­не Байланыс және ақ­парат ми­нис­тр­лігінің 11 сайтқа қа­тыс­ты 1 ары­зы сот қарауында, ал та­ғы 100-ден аса сайт бойынша талап-арыздар дай­ын­далу үстінде. Әрине, Бас прокуратура да интер­нет­т­ің еркін және ашық пайдала­нылуына мүд­­делі. Алай­да, ол басқа азамат­тардың құ­қық­тары мен бос­тан­дықтарына, ха­лық­тың өмірі мен денсаулығына қау­іп төндірмеуі тиіс. Осыған орай, прокуратура орган­дары өзге де мүд­делі органдармен бірлесе оты­рып, алдағы уақытта да азамат­тар­дың қауіпсіз­ді­гі­не, өмі­рі­не, денсау­л­ы­ғы­на, құқық­та­ры мен бос­тан­дық­­тарына қауіп төн­беуі үшін барынша атсалысады. Шарафаддин ӘМІР.