Әлем • 13 Қараша, 2017

Иранда жер сілкінісінен 100 адам қаза тапты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранда жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 100 адамға жетті. Ал зардап шеккендер саны 1000 адамнан асты. 7,2 магнитудалық зілзала жексенбі күні Иран Ислам Республикасынның шекарасында болды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Иранда жер сілкінісінен 100 адам қаза тапты

Арнайы құрылған дағдарыс орталығы табиғат апатынан әсіресе Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинциялары жапа шеккенін мәлімдеді.

Жарты ай қоғамының жергілікті өкілдігі апат болған аймақтарда іздеу және құтқару жұмыстарын қолға алды. Мұнда құтқарушылардың қосымша күштері жіберілді. Табиғат апатынан зардап шеккендерді азық-түлікпен, жылы киімдермен және отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы далалық госпитальдар ұйымдастырылды.

Мұнай-газ инфрақұрылымын қоса алғанда стратегиялық нысандарға зақым келмеген. Ауыр жарақат алғандарды Тегеранға жөнелту үшін 20 әскери тікұшақ дайындалды. Үйлерін тастап шыққан жергілікті тұрғындар жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін деген үреймен көшеде түнеп жүр.