Аймақтар • 13 Қараша, 2017

Павлодар облысында 78 қасиетті орын бар

1328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылы Павлодар облысында сакралды нысандардың төлқұжаттарына 5 млн теңге және үш нысанға археологиялық жұмыстар жүргізуге 10 млн теңге бөлу қарастырылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Павлодар облысында 78 қасиетті орын бар

Бұл туралы кеңейтілген мәжілісте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтты.

«Өңірде «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыруға баса назар аударылады. Қазіргі уақытта мұнда 78 сакралды орын анықталған. Оның 73-і облыстық және бесеуі республикалық тізілімге енгізілген. Әрбір нысан мен орынға толық аңдатпа жазу бойынша жұмыс жүрігізілуде», - дейді Ардақ Райымбеков.

Олардың қатарында Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенелері, Кемпіртас және Қоңыр әулие сынды тарихи орындар бар. Ал Шарбақты ауданынан Ғабдул Уахит хазірет кесенесі, Екібастұз қаласынан Исабек Ишан кесенесі сол тізімнің қатарынан орын алған.