Жүйелі азаптаулар жоқ – ахуал өзге ТМД мемлекеттеріне қарағанда жақсы
Вена (АРА.28.01.2010 ж.). Азаптаулардың алдын алу жөніндегі БҰҰ-дағы австриялық арнайы баяндамашы Манфред Новак Қазақстанның адам құқын сақтау мәселелерінде қол жеткізген прогресін растайды. Орталықазиялық мемлекет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалыққа “өте жақсы дайындалды”. Оған сондай-ақ адам құқықтары ахуалының жақсарғанының да қатысы бар, деді сейсенбіде наурызда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінде Қазақстан туралы баяндама жасауға тиіс Новак АРА агенттігіне берген сұхбатында.
Қазақстанда әділ сот, прокуратура және түрме әкімшілігі “үлкен” ілгерілеушілік жасады. Сыни көңіл-күйдегі үкіметтік емес ұйымдар мен журналистер үшін ахуал онда Белоруссияға, тіпті Ресей Федерациясына қарағанда да жақсы, деп түсіндірді Новак. Ол, мәселен, Чешенстандағы билікке ие Рамзан Кадыровтың қарсыластарының басындағы қауіпті жағдайға сілтеме жасады. “Кадыровтың қарсыластары, бізге Венс Умар Израиловтың қаза табу жағдайы көрсеткендей, тіпті шекараның сыртында да қауіп-қатермен өмір сүреді. Қазақстанда осы сияқты журналистерді өлтірген жағдай маған кездескен жоқ”.
Новак Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын сеніп тапсыру шешімін түсінеді. “Егер бұл лауазымда Кеңес Одағы мұрагерлерінің қатарынан бір мемлекетті көруге ниет болса, бұл дұрыс шешім. Мен Грузия, Армения, Әзірбайжан, Молдова Республикасы немесе Украина сияқты мемлекеттер ол үшін жақсырақ сәйкес келер еді деп ойламаймын”.
Кеңес уақытында Қазақстан ГУЛАГ-тың ортасында болды, деп түсіндіреді одан әрі Новак. Қайта әлеуметтендіруге емес, “қамап тастауға” бағытталған қылмыстық құқық бүгіннің өзінде “өте жазалағыш”. Неғұрлым жоғары жаза белгіленген сайын соғұрлым қамаудағыларды оларға келіп тұру мүмкіндіктері мен құқыларынан шектейді. “Бұл нәтижелі емес”, деп сын тұрғысында атап өтті БҰҰ сарапшысы. Бірақ Қазақстан еуропалық стандарттары бар мемлекет ретінде танылуға және Кеңес Одағының ескілікті ауыртпалықтарынан арылуға мүдделі.
Австриядағы бұрынғы қазақ елшісі Рахат Әлиевтің ісі бойынша Новак ешқандай мәлімдеме жасауға ниетті болған жоқ, бірақ ол азаптаулар қолданылады деп кінә тағылатын елдерге экстрадиция жасау мәселесі туралы жалпылама түрде пікір білдірді. Оның сөзіне қарағанда, өз зерттеулері арқылы ол, Қазақстанда әлі де азаптау жағдайларының бар екеніне қарамастан, дегенмен өзі азаптаулар “жүйелі де, кең тараған да емес” деген қорытындыға келген. Әлемнің барлық дерлік елдерінде түрлі жиілікте азаптаулар қолданады деген кінәлаулар орын алады. Таяуда Австрияда да ондай жағдай болды, деп атап өтті Новак.
Босқынды мәжбүрлеп шығаруға тыйым салатын халықаралық құқық принциптеріне сәйкес (Non-Refoulement) адамдар жүйелі түрде азаптау қолданылатын мемлекеттерге берілмейді, деп түсіндірді Венадағы адам құқықтары жөніндегі Больцман институтының басшысы. “Егер белгілі бір елдегі адам құқықтарының сақталу жағдайына жасалған баға азаптаулар жүйелі қолданылмайды деген қорытындыға келсе, онда мен әрбір нақты істі өте мұқият қарауым керек”. Ондай жағдайда экстрадициялау жөнінде сөз болып отырған әр адам оған азаптау қаупі төніп тұрғанын дәлелдеуі тиіс.