Президент • 30 Қараша, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Минскідегі Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына ресми сапары аясында Минск қаласындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды. 

Нұрсұлтан Назарбаев Минскідегі Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды

Жеңіс монументі - Ұлы отан соғысы жеңісіне арналған монумент-обелиск, Минск қаласы символдарының бірі. Ескерткіш 1954 жылы Жеңіс алаңына орнатылып, Беларусь жерінің неміс оккупациясынан босап шығуына 10 жыл толуына орай ашылған. 7 жылдан кейін ескерткіш алдына мәңгілік алау жағылған. Жыл сайын 9 мамырда және Беларусь мемлекетінің тәуелсіздік күнінде ескерткішке гүл шоқтары қойылып, түрлі шаралар өткізу дәстүрге айналған. Сонымен қатар мемлекеттік және ресми сапармен Беларусь Республикасына барған лауазымды тұлғалардың да Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қоюы міндетті шаралардың біріне айналған. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласына барды.  Сапар аясында Мемлекет басшысы Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөздерден кейін Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкомен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді. Елбасының Беларусь мемлекетіне ресми сапары аясында Минск қаласында Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтіп, аранйы көрме ұйымдастырылды.  Сонымен қатар Елбасы бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээенбековпен кездесіп, шекарадағы жағдайды талқылады. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысады деп күтілуде. 

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"

Минск