«Иерусалим шешімі»: БҰҰ – бір жақ, АҚШ пен Израиль – бір жақ

Өткен бейсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің басым көпшілігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы деп тану туралы шешімін айыптайтын қарар қабылдады. БҰҰ-ның 128 мүшесі құжатты жақтап дауыс берсе, АҚШ пен Израильді қоса алғанда 9 мемлекет оған қарсы дауыс берген, ал 35 ел қалыс қалған. Қарар АҚШ-қа қандай да бір нақты міндет жүктемегенімен, Трамп әкімшілігінің сыртқы саясаттағы «Америка бірінші» стратегиясының табыстылығы туралы күдікті күшейте түседі.   

Егемен Қазақстан
25.12.2017 4121

АҚШ-тың реакциясы

БҰҰ Бас Ассамблеясы Иеру­салимнің мәртебесі жөніндегі  Ва­шинг­тонның шешімі бойынша қарар­ды дауысқа салар алдында АҚШ-тың іргелі ұйымдағы тұрақты өкілі Ник­ки Хэлей арнайы мәлімдеме жаса­ды. Өз сөзінде елші Хэлей «АҚШ бұл күнді егемен ел ретінде қабыл­даған шешімі бойынша өзін Бас Ассамблеяда айыптау үшін бөлектеген күн ретінде есінде сақ­тайды», деп атап өтті. Сондай-ақ америкалық елші дауыс берудің нәтижесі қандай болатындығына қарамастан, АҚШ Израильдегі өз елшілігін бәрібір Иерусалимге көшіретінін қадап айтты. Елші Хэлейдің мәлімдемесі президент Трамптың бір күн бұрынғы сөзін нықтай түскендей әсер қалдырды. Сәрсенбі күнгі өз кабинет мүше­лерімен кездесуде Д.Трамп «Біз дауыс беруді қадағалап отырмыз. Олар дауысқа сала берсін. Біз көп қаржыны үнемдейміз. Бізге бәрі бір», деген болатын.

Америкалық бұрынғы шенеу­ніктердің қатарында АҚШ билі­гінің БҰҰ қарары бойынша мә­лім­демесін сынға алғандар да болды. Мәселен, Обама тұсында Орта­лық барлау агенттігінің директоры болған Джон Бреннан Туиттерде «Трамп әкімшілігінің БҰҰ-дағы егемен елдерге өз құқықтарын пай­даланып, АҚШ-тың Ие­ру­салим бойынша ұстанымына қарсылық білдіргендері үшін есе қайтарамыз деп қоқан-лоқы көрсетуі – шектен шығушылық...» деп жазды.

«Өтіріктің ордасы»

Израиль президенті Биньямин Нетаньяху БҰҰ Бас Ассам­блея­сында Иерусалимге қатысты АҚШ-тың шешімі бойынша қа­рар қабылданғаннан кейін арнайы мәлімдеме жасады. Өз мәлімдемесінде президент Не­танья­ху Д.Трампқа және қалыс қал­ған мемлекеттерге алғысын білдіре отырып, «Иерусалим біздің астанамыз болған және болашақта астанамыз болып қала береді...», деді. Қарар дауысқа салынар алдындағы сөзінде Б. Нетаньяху «Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындау үшін АҚШ-қа 70 жыл керек болды. БҰҰ дәл сондай шешімге келу үшін оған жыл­дар керек болады» дей келе, БҰҰ-ны «өтіріктің ордасы» деп атаған.

Израильдің БҰҰ-дағы елшісі Дэнни Дэнон да Бас Ассамблеядағы қарар бойынша өткен пікірталаста аянып қалмады. Қарарды қол­даушы елдерге қарата айтылған сөзінде елші Дэнон «Сендер палес­тиналық қуыршақ шеберлері ойнатып отырған қуыршақсыңдар. Тура қуыршақтар сияқты өті­рікке, манипуляцияға алданып отырсыңдар. Палестиналықтар бұл қарардың алаяқтық екенін жақ­сы біледі...» деді. Дегенмен, Израиль билігі БҰҰ шешімін қан­ша айыптағанымен, бір нәр­се анық – БҰҰ және әлемдік қоғам­дастық дәл қазір Израильдің Иерусалимге қатысты ұстанымын еш қолдамайды. Мәселен, 2016 жыл­дың желтоқсанында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Израильдің 1967 жылы басып алған Палестина аумағындағы демографиялық ба­сымдықты, аймақтың мәртебесін және сипатын өзгертуге бағыт­талған қадамдарын айыптайтын арнайы қарар қабылдаған.

«Палестина үшін жеңіс»

Қарарды Палестина президенті Махмуд Аббастың баспасөз хат­шысы Нәбіл Әбу Рдаина «Палес­тина үшін жеңіс» деп сипаттады. Сондай-ақ ол «Біз БҰҰ және өз­ге де халықаралық форумдарда оккупацияны тоқтатуға және Шығыс Иерусалим астанасы болатын Палестина мемлекетін құруға күшімізді сала береміз...», дей келе Палестина билігі АҚШ-қа қарағанда халықаралық ұйымды ел тағдырын айқындауда сенімдірек серіктес көретінін жеткізді. Ал Палестинаның Сыртқы істер министрі әрі БҰҰ-дағы бақы­лаушысы Риад Мәлки болса Трамптың Иерусалим мәртебесі бо­йынша шешімін «Киелі қаланың мәртебесі мен позициясына еш әсері болмайды. Алайда ол АҚШ-тың бейбітшілік медиаторы ретіндегі рөліне әсер ететін болады», деп мәлімдеді.

Халықаралық қоғамдастық ұстанымы

Трамп әкімшілігінің егер БҰҰ елдері Вашингтонның шешіміне қарсы дауыс берсе, АҚШ оларға берілетін қаржылық көмекті азайтуы мүмкін деген қатаң ескертуіне қарсы бірнеше мемлекет өкілдері өз пікірлерін білдірді. Өзін мұсылман әлемі көшбасшыларының бірі санайтын Түркия президенті Режеп Ердоған алғашқылардың бірі болып БҰҰ қарары бойынша тікелей АҚШ президенті Д. Трампқа қарсы мәлімдеме жасады. Ол қарар дауыс­қа түскенге дейінгі өз сөзінде «Трамп мырза, сен өз долларыңмен Түркияның демократиялық еркін сатып ала алмайсың... АҚШ ол жерде өз қалауына қол жеткізбейді және әлем солай АҚШ-қа үлкен сабақ береді деп үміттенемін және күтемін...», деп атап өтті. Сондай-ақ Венесуэланың БҰҰ-дағы өкілі Самуэль Монкада Акоста «Әлем сатылмайды және сенің қорқытуың жаһандық бей­бітшілікке қауіп төндіреді» деді. Пәкістанның ха­лы­қаралық ұйымдағы тұрақты өкілі Мәлиха Лоди болса «Біз АҚШ-тың шешіміне өкініш біл­діреміз және қолдамаймыз. Әлем ешбір заңсыз әрекетті қолдай алмайды және қолдамайтын болады», деп мәлімдеген.

Айта кету керек, қарар БҰҰ Бас Ассамблеясында дауысқа са­лынғанға дейін АҚШ пен Израиль­ден басқа ешбір мемлекет құжатты айыптап мәлімдеме жасаған жоқ. Ал 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырыс­тарында төрағалық ететін Қазақ­стан Трамп әкімшілігінің Иеру­салимге қатысты шешімін мақұлдамайтын қарарды қолдаған 128 елдің қатарынан табылды. Желтоқсанның басында Вашингтон Иерусалимді Израильдің астанасы деп танитындығын жариялаған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қаланың қазіргі мәртебесінің сақталуын жақ­тап, «екі халыққа – екі мемлекет» қағидасын қолдайтынын мәлім­деген. Қазақстанның қарарды қолдауы БҰҰ тарапынан мо­йындалған 1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болатын Палестина мемлекетінің құ­ры­луын жақтайтын халықаралық қо­­ғам­дастықтың ұстанымымен үндес.

Қарардың мәні неде?

Шын мәнінде, БҰҰ-ның Трамп әкімшілігінің Иерусалим қала­сының мәртебесін өзгертуін айыптайтын қарары символикалық мәнге ие ресми құжат қана. Ол АҚШ-тан Израиль мен Палестинаға қатысты саясатын өзгертуді талап етпейді. Сондай-ақ қарарды жақын арада геосаяси өзгерістерге себеп болатын саяси шешім деуге еш келмейді.

Дегенмен, осылайша Вашинг­тонның Израильге ашық қолдау білдіруі ұзақ мерзімді аралықта АҚШ-тың өткен ғасырдан бері қа­лыптасқан дипломатиялық капиталына және Трамптың сая­си болашағына айтарлықтай нұқ­сан келтіруі мүмкін. Егер алда Трамп әкімшілігінің Американың халықаралық аренада еркін сауда және адам құқықтары секілді либералдық құндылықтарға сүйе­нетін саясатына қайшы ше­шімдері көбейе түссе, АҚШ-тың әлемдегі көшбасшылық позиция­сы әлсірейтін болады. Оған негіз де жоқ емес. Осы уақытқа дейін Д.Трамп Транс Тынық мұхиты серік­тестігінен (ТPP) Американы алып шығып, кезінде АҚШ-тың бас­тамасымен қабылданған халық­аралық Париж климаттық келі­сімінен бас тартып үлгерді. Сонымен қатар Вашингтонның Иерусалимнің мәртебесі бойынша шешімі және оған қарсы БҰҰ елдерінің реакция­сы Палестина және Израиль қақ­ты­ғысындағы АҚШ-тың араа­ғайындық рөлін әлсірете түсуі мүмкін.

Екінші жағынан президент Трамптың сыртқы саясаттағы «Аме­рика бірінші» стратегиясы АҚШ-пен қатар оның өзін де саяси тығырыққа тіреуі ықтимал. 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде және Ақ үй иесі атанғаннан кейін де Д.Трамп АҚШ халықаралық ұйымдарға қаржы құю арқылы америкалық салық төлеушілердің ақшасын желге шашып жатыр деп қалыптасқан сыртқы саяси курсты қатаң сынаған болатын. Мәселен, Солтүстікатлантикалық келісім ұйымын (NATO) қаржыландыруды азайтып, тіпті мүшеліктен бас тартуды қарастыруымыз керек деп те талай рет мәлімдеді. Алайда вице-президент М.Пенс, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жетекшісі, генерал Макмастер және Пентагон иесі генерал Мэттистен тұратын үштік саяси тәжірибесі жоқ президент Трамптың НАТО туралы ойын өзгерте білді. Ал Д.Трамптың Иерусалимнің мәртебесі бойынша АҚШ-тың іс-қимылын айыптайтын БҰҰ қарарын жақтаған елдерге қарсы «қаржылық қолдауды азайту» тактикасы арқылы қорқытуы да табысты болмады.

Сыртқы саясаттағы сәтсіз қа­дамдар америкалық сайлау­шы­лар тарапынан президент Трамп­ты қолдауды әлсірете түсуі мүм­кін. Желтоқсанның басын­да Мэриленд университеті жүр­гізген зерттеу көрсеткендей, аме­ри­ка­лықтардың 63 пайызы АҚШ-тың Израильдегі елшілігін Ие­русалимге көшіруіне қарсы. Ал Gallup орталығының зерттеуі бо­­йынша, Эйзенхауэрден бергі кезеңдегі АҚШ президенттерінің алғашқы қызметтік жылына аме­рикалықтардың көңілі толуы бойынша Д.Трамп 35 пайыз көр­сеткішпен ең төменгі орында тұр.

Шалқар НҰРСЕЙІТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Лионель Месси «Алтын бутса» сыйлығын бесінші рет жеңіп алды

21.05.2018

Қазақстан мен Халықаралық ҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісім туралы заң жобасы қаралды

21.05.2018

Қ. Тоқаев Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің басшысымен кездесті

21.05.2018

Шымкент-2 жаңа теміржол вокзалы салынады

21.05.2018

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

21.05.2018

ОҚО-да Нобель сыйлығы лауретының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

21.05.2018

Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті

21.05.2018

Филиппо Оноранти: Алқалы жиынның алар орны да ерекше

21.05.2018

Ханс-Пол Бюркнер: Мұнай мен газ ғана емес, басқа салалардың да дамуы керек

21.05.2018

Мырзакелді Кемел: Болашаққа бағдарланған форум

21.05.2018

«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандарын дайындатын ІТ-орталықтар ашты

21.05.2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

21.05.2018

Алматыда 5 жасар бала менингиттен көз жұмды

21.05.2018

Мекен-жай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

21.05.2018

Нұрлан Ноғаев: Бизнес субъектілеріне мемлекеттің қолдауы аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді

21.05.2018

Алматылық педагогтар СДУ-да бас қосты

21.05.2018

Қазақстанда тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға СИАХТ отасы жасалады

21.05.2018

Самал Еслямова: Біз бұл кинокартинаны түсіру үшін 7 жылымызды сарп еттік

21.05.2018

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу