12 Қараша, 2011

Өкілдік басшысымен кездесті

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Норбер Жустенді қабылдады. Айта кету керек, кездесу Н.Жустеннің дипломатиялық мис­сия­сының аяқталуы қарсаңында өтті. Әңгіме барысында Еуро­одақ­пен сауда-экономикалық ынты­мақ­тастықты дамыту, Қазақ­стан­ның Еуроодақ елдерімен кеңей­тілген серіктестігі туралы келісім жасау мәселелері талқыланды. Cондай-ақ, Еуроодақтың біз­дің еліміздің негізгі сауда және ин­вестициялық серіктесі екендігі атап көрсетілді. Тараптар «Еуро­па­ға жол» мемлекеттік бағдар­ла­масын жүзеге асыру барысында біраз ілгерілеушіліктерге қол жеткізілгенін және Еуроодақ страте­гия­сының Орталық Азия елдері үшін та­бысты екенін атап өтті. «Егемен-ақпарат».