12 Қараша, 2011

Құқық пен бостандыққа арналды

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы жа­нын­дағы Адам құқықтары жөнін­де­гі комиссия ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап «Адам құ­қықтарын қорғаудың халық­ара­лық және ұлттық тетіктері ту­ра­лы» халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің жұмы­сы­на Президент Әкімшілігінің, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі өкілдері, адвокаттар, белгілі заңгер-ғалымдар, халық­ара­лық ұйымдар мен дипло­ма­тия­лық өкілдіктердің басшы­ла­ры, білім беру, ғылым және мә­де­ниет, денсаулық сақтау ұй­ым­дарының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Ас­тана» университетінің оқы­ту­шы­лары мен студенттері қатысты. Онда Комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсынов, «Астана» университетінің ректоры Еркін Оңғарбаев, ЕҚЫҰ-ның Астана­да­ғы орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер ханым, Ұлыбританияның Қа­зақ­стандағы елшісінің орынбасары Джон Терлоу мырза сөз сөйледі. Олар Қазақстанның адам құ­қықтарын сақтау мен қор­ғау­да және демократиялық негіз­дер­дің іргетасын қалауда жеткен жетістіктерді атап өтіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтарын қорғауға қатысты қабылдаған 60-тан астам көп­жақты әмбебап келісім-шарт­та­рын ратификациялағанын айт­ты. Қазақстан ратификациялаған Аза­маттық және саяси эко­но­микалық, әлеуметтік және мәде­ни құқықтар туралы пактілер және БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы басқа да шарттары еліміздің ұлттық заңнамасының ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақстанды әлем елдері нарықтық экономикасы да­мыған, демократиялық үрдіс­тер­ді ілгерілемелі түрде іске асы­рып жатқан, адам құқық­тары мен бостандықтарын жо­ғары құндылық ретінде са­най­тын ел ретінде танып отыр. Дөңгелек үстелге қаты­су­шы­лар еліміздегі адам құқық­тарын қорғауды одан әрі жақ­сар­та түсу үшін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұй­ымдардың күштерін біріктіре отырып, Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қам­тамасыз ету жөніндегі тұ­жы­рымдама немесе Адам құ­қық­тарын қорғаудың жаңа ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу керектігін айтты. «Егемен-ақпарат».