12 Қараша, 2011

«Нұр Отан» өнер саласын дамытуды қолдайды

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстандағы театр өнерінің қазіргі жағдайы мен болашағы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия­сының Орталық аппаратында өткен мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды. Бүгінгі күні Қазақстанда 60-тан астам театр бар. Оның көбі Елбасы Нұр­сұл­тан На­зарбаевтың қолдауы­ның арқа­сын­да тәуелсіздік алғаннан кейін ашылды. Ха­лықтың рухани өмірінде және елдің даму үрдісінде өнер өте үлкен рөл атқарады. Сондықтан да мәде­ниет қай­раткерлері мен билік­тің және қоғамның өзара бірлестігі өзекті мәселелердің бірі. Жиында сөз сөйлеген пар­тия Төрағасының бірінші ор­ын­басары Нұрлан Нығ­матулин осы саланың үздік­сіз дамуы үшін күш біріктіруді ұсынды. Елбасы, партия Төрағасы Нұр­сұлтан Назар­баевтың тапсыр­ма­сы бой­ын­ша мәдениет пар­тия жұмы­сы­ның басым бағыт­тарының біріне айналады. Себебі, ол қоғамдық құнды­лық­тар ба­за­сын, ұлттық мінез-құлықты қалыптастыратын сала, деді орынбасар. Отырысқа қатысушылар Қа­зақстан театрының бүгінгі ахуалына, әсіресе әр­тіс­тер­дің, режиссерлердің, драма­тург­тердің жағдайына баса назар аударды. Біз, ең алды­мен, қа­зақ театрының бүкіл әлем білетін өзінің Президентіне, өз еліне лайықты дә­режеде бола­тын жаңа тұлға­лары, жаңа шы­ғармашылық деңгейі тура­лы ойлануымыз керек, деп есептейді Театрлар қызметі одағының төр­ағасы, «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі Тұңғышбай Жаманқұлов. «Нұр Отан» партиясының осындай шара өткізіп жат­қаны көңілге қуаныш ұяла­тады. Бұл өте қажет. Соңғы уақытта қазақ драма театр­ла­ры көптеп ашы­лып жатыр, ал оның деңгейі бұ­рынғыдан да жоғары болу керек. Сон­дық­тан біз бағындыратын белестер әлі алда, дейді С.Сейфуллин атындағы Қара­ған­ды об­лыс­тық қазақ драма театры­ның директоры Кеңес Жұмабеков. «Егемен-ақпарат».