12 Қараша, 2011

Тәжірибе алмасты

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Бас прокуратурада Гер­мания прокурорларының, Қа­зақстанның мемлекеттік ор­ган­дары және оқу орындары өкіл­дерінің қатысуымен «Қа­зір­гі қо­ғамдағы жаңа қауіп-қатерлерге қар­сы тұрудың өзек­ті мәселе­ле­рі» тақыры­бын­да ғылыми-прак­ти­калық кон­ференция болып өтті. Онда ха­лық­аралық лаңкестік пен экс­тремизмге, киберқыл­мыс­қа, со­нымен қатар, Герма­нияның аталған қылмыстарға қарсы күресу тәжірибесі жөнін­дегі мәселелер талқыланды. Соңғы онжылдықта лаң­кес­тіктің жергілікті проблемадан жаһандық проблемаларға айна­лып, бүгінгі күні әрбір мем­ле­кеттің ұлттық қауіп­сіз­дігіне қауіп туғызып отырға­н­дығы атап өтілді. Сондай-ақ, кибер­қыл­мыспен күрестің ха­лық­ара­лық тәжірибесі де тал­қыланды. Жоғары техноло­гия­ларды пайдалану арқылы көп­теген қыл­мыстар жасалады. Оның ара­сында қаржыны жы­лыстату, адам сату, қару-жарақ саудасы, алаяқтық және тағы басқалар бар. Лаңкестік және экстре­мис­тік идеологиялар­дың заңсыз таратылуына ға­лам­тор кеңінен пайдаланылып отыр. Конференция қорытын­ды­сы бойынша Қазақстан мен Германия құқық қорғау орган­дарының арасында тағылым­да­мадан өту арқылы қыл­мыспен күрес жөнінде тәжі­рибе алмасу туралы шешім қа­былданды, деп хабарлады Бас про­кура­ту­раның баспасөз қыз­меті.