Қазақтың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаевтың 75 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті.
Театр өнерінің қарашаңырағында жарты ғасырдан астам уақыт бойы қызмет етіп, 100-ге тарта рөлдерді сомдап, кесек кейіпкерлерді тірілткен Сәбит ағамыз бүгінде үлкен ұжымның ақсақалы мен ақылшысына айналған. Бәсекелі шығармашылық ортада шынайы құрметке ие болып, көрерменнің риясыз сүйіспеншілігіне бөлену кімге болса да оңай емес. С.Оразбаев бұл белеске адами қасиеттерімен, еңбекқорлығымен, құдай берген дарын қуатымен көтеріліп отыр. Осының бәрі шығармашылық кештің өзегіне, тағылымдық тұсына айналған.
Иә, сахнадан сан бейнені сомдаған Сәбит Қоңырбайұлы ерен еңбегі үшін «Отан», «Парасат», «Еңбек Қызыл ту» ордендерімен марапатталған болса, қарашаңырақтың негiзiн салған алдыңғы буынның дәстүр-өнегесiн лайықты жалғастырған көрнектi актердiң тәуелсiз Қазақстанның сахна өнерiн дамытудағы еңбегi де үлкен. А.Сүлейменовтiң «Төрт тақта – жайнамаз» драма диалогындағы – Әбдiнәсiм шал, Д.Исабековтiң «Ескi үйдегi екi кездесуiндегi» – Айтөре, Б.Мұқайдың «Өмiрзаясындағы» – Әли, қырғыз драматургi М. Ғапаровтың «Тұзды шөлiндегi» – президент, К.Аширдiң «Қабыл – Адам Ата перзентiндегi» – Iбiлiс, М.Байсеркеновтiң «Абылайханның ақырғы күндерiндегi» – Бұқар жырау, сондай-ақ театрдың қазiргi репертуарындағы Ф.Буляковтың «Отыз ұлың болғаншасындағы» – Абдулла, қырғыз драматургi Б.Жәкиевтiң «Жүрейiк жүрек ауыртпай» драмасындағы Қария сынды кейiпкерлерiнің жүрегiнде өз заманының дертi бар қоғамдық-әлеуметтiк тип деңгейiне көтерiлген бейнелер екенін еске түсіру парыз.
Әріптестері айтпақшы, бірде сахна саңлағы, бірде қолында фотоаппараты, бірде бейнекамерасы, бірде қаламы түспей келе жатқан дара актердің көрермен көзінен таса тамаша қырлары жеткілікті екен. Т.Әлiмқұловша қисындағанда, «домбыраны саусақпен емес, көңiлмен сөйлететiн» актердің қоңыр дауысы әнді құлағымен емес, жүрегімен қабылдайтын ұлтымыздың көкірегінде ұялап қалғаны анық. Осыны жақсы білетін, Сәбеңнің ізінен ерген театрдағы домбыра ұстайтын талантты інілері шығармашылық кеште Сәбит Оразбаев болып, Сәбең ойнайтын әрбір кейіпкерден кейін кезегімен сайдың тасындай сахнаға шыға келуі, ұлттық театр өнерінің өрісі тоқырамағанын паш еткендей.
Көрерменді бірде толқытып, бірде мұңайтып, бірде қуантқан шығармашылық кеш режиссер Қазбек Әміржановтың актер Сәбит Оразбаевтың өмір жолына арналған «Өмір – дастан» деректі фильм үзінділерімен өріліп отырды. Бұл туындыда сонау Оңтүстік Қазақстан облысының шалғайындағы ауылдан шығып, өнердің шаужайына жармасқан балаң жігіттің өз биігіне қалай көтерілгені ретімен баяндалады. Бұл фильмде дара актер ғана емес, жақсы әке, сүйікті жар, ақылгөй ата бола білген азамат өмірінің парақтары бар.
Алдымен шығармашылық кеште Мәдениет министрінің орынбасары Асқар Бөрібаев Елбасының Сәбит Оразбаевтың 75 жылдығына жолдаған құттықтауын жеткізді. Актерге Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағы берілгенін туған жерінен келген арнайы делегация мәлім етті.
Өзінің мазмұнды ғұмыры сияқты әсерлі кеште әріптесі КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов сөз алып, жастықтың қызығын бірге кешкен замандасы жайлы тамаша естелік тарқатса, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, белгілі режиссер Талғат Теменов актердің аға ретіндегі, адам ретіндегі бейнесін сөзбен сомдады.
Кеште жұртты тағы бір толқытып өткен сәт сахна саңлағының өзімен өнерге өкшелес келген актер, актрисалармен бірге жұрт алдына шығып, ұстазы Асқар Тоқпановқа арнаған арнауы еді. Әлі күнге дейін үйренумен, әлі күнге дейін ізденумен, еңбектенумен келе жатқан өнер иесінің ел азаматы ретінде де кейінгілерге көрсетер үлгісі көп. Кесек тұлғалы актер «әкем театрдың» қара ормандай талантты ұжымы ортасында ғибратты әңгімесімен, жасына сай жарасымды батасымен кешті аяқтады.
Айнаш ЕСАЛИ,
Алматы.
Суреттерді түсірген Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ.

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26